«2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 06 ақпандағы № 11/145-IV шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2491, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 1, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 1 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 98047217,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 16628576,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 777431,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 650000,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 79991210,0 мың теңге;
2) шығындар - 97656921,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 50771,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1123000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1072229,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 600000,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 600000,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -260475,1 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру - 260475,1 мың теңге.»;