Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 11-14 шешімі
(2017.01.06. берілген өзгерістемен)
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 495-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 495-бабының 2-тармағындағы тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін және 6-тармағының 1.2 жолындағы қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар орналастырғаны үшін ставкалары 2 есеге арттырылсын.