(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 5 ЖЕЛТОҚС...

2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 4С-3-4 шешімі

(2008.05.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 63 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № А-12/389 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Ақмола облыстық мәслихатының 2008.05.03. № 4С-5-4 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 55 862 831,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 5 814 819 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 104 390,7 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 49 943 621,9 мың теңге:

2) шығындар - 57 392 151,5 мың теңге;

3) операциялық сальдо - - 1 529 319,9 мың теңге;

4) таза бюджеттік несиелер - 679 857,2 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік несиелер - 1 574 000 мың теңге;

бюджеттік несиелердің өтелуі - 894 142,8 мың теңге;

5) қаржы активтері бойынша сальдо - - 300 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер - 300 мың теңге;

6) бюджет дефициті (профициті) - - 2 250 539,1 мың теңге;

7) бюджет дефицитін каржыландыру (профицитті пайдалану) - 2 250 539,1 мың теңге.

2. Облыстық бюджетке, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:

1) облыстық бюджетке төлем көздеріне салынатын кірістердің жеке табыс салығы бойынша - 100%;

2) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100%.

3. Келесі көздердің есебінен облыстық бюджеттің кірістері бекітілсін:

1) салықтық түсімдер, оның ішінде:

төлем көздеріне салынатын, кірістердің жеке табыс салығынан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.