“Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін
кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 164 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағалы қағаздар нарығы қызмет етуінің айқындық және тиімділік дәрежесін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 162 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2384 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 116 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 55 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2854 тіркелген) бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2124 тіркелген, "Рынок ценных бумаг Казахстана" № 2 журналында 2003 жылғы ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: