2009 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының XI сессиясының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 18 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80, 85 баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 30 желтоқсандағы 2491 нөмірімен тіркелген) сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сай келесі мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 8 368 770 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 6 308 238 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 52 970 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 988 200 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1 019 362 мың теңге;
2) шығындар - 7 514 770 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 854 000 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелендіру - 0;
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 20 000 мың теңге;
6) бюджет (профициті) тапшылығы - 834 000 мың теңге;
7) бюджет (профицитін) таршылығын қаржыландыру - 834 000 мың теңге.
2. Өскемен қаласының бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін жиыны 294 213 мың теңгені құрайтын мақсатты жәрдем қарастырылғанын ескеру. Облыстық бюджеттегі Өскемен қаласының бюджетінен қайтарып алуларының көлемі - 0.
3. 2009 жылға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдарының резерві 12 000 мың теңге сомасында бекітілсін, соның ішінде:
шұғыл шығындар резерві - 7 000 мың теңге;
техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін
төтенше резерві - 2 000 мың теңге;
сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау резерві - 3 000 мың теңге.