Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 Қаулысы
(2015.15.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.