Тіркелген салық ставкалары туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/3 шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Өскемен қаласының аумағында айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкалар мөлшері белгіленсін.