Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 26 қаңтардағы № 9 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3649 тіркелген), Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 228 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4463 тіркелген) енгізілген өзгерісімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: