(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2005.19.04. № 132 ҚАУЛЫСЫ

“Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық
құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде”
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 Қаулысы

(2006.27.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан тізілім ұстаушыларының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.