«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Григорий Александрович (келісім бойынша),

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.