Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 қаулысы
(2007.16.11. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңының 16 және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 27 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға ай сайын әлеуметтік төлемдер бөлу түрінде қосымша көмек көрсетілсін.
2. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдердің мөлшері, әрбір мүгедек балаға 3000 теңге сомасында белгіленсін.