Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1078 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1078 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтағы «Әлихан Асханұлы Смайыловты «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп» деген сөздер «Асылжан Сарыбайұлы Мамытбековті «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.