«Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 9 желтоқсанда 739-нөмірмен тіркелген «Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы № 394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 14 мамырдағы № 246 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы № 394 қаулысына (Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 9 желтоқсанда 739-нөмірмен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы 159-нөмірінде жарияланған, облыс әкімиятының 2003 жылғы 13 ақпандағы № 77 қаулысымен өзгеріс енгізілген) өзгеріс енгізілсін:
1. 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық коммуналдық меншік департаменті облыстық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өз шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруі жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға;»