(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2008....

2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-18/5 шешімі

 

Осы редакция 2009 жылғы 3 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6  бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облысы мәслихатының 2008 жылдың 13 желтоқсандағы № 4С-11-5 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 3286 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) табыстар - 7 694 315 мың теңге, соның ішінде: 

салықтық түсімдер - 4 859 627 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 90 119 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 446 895 мың теңге;

трансферттік түсімдер - 2 297 674 мың теңге.

2) шығындар - 7 990 108 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру - -153 905 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік несиелерді өтеу - 153 905 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін алу - 50 000 мың теңге;

5) бюджеттік тапшылық - -191 888 мың теңге;

6) бюджеттік тапшылықты қаржыландыру - 191 888 мың теңге:

қарыздардың түсімі - 333 888 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 142 000 мың теңге.

2. Ақмола облысы мәслихатының 2008 жылдың 13 желтоқсандағы №  4С-11-5 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 3286 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес кірісті бөлу нормативтері келесі мөлшерде белгіленді:

1) облыстық бюджетке төлеу көзінен алынатын жеке табыс салығы  бойынша - 100%;

2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша -  100%.

3. Келесі көздердің есебінен қалалық бюджеттің кірістері  бекітілсін:

1) салықтық түсімдер, соның ішінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.