3. «Аялдаусыз жол жүруге тыйым салынады» В,2 сигналдық белгісі осы белгі орнатылған көше қиылысына шығар алдында жүргізушілердің тоқтауға және олар жақындаған жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралына жол беруге тиіс екенін көрсету үшін қолданылады. Осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір мемлекет «Аялдаусыз жол жүруге тыйым салынады» белгілерінің қай үлгісін: В,2(а) немесе В,2(b) таңдап алғаны туралы Бас Хатшыға мәлімдейді.
4. Құзырлы органдар жүргізушілерге олардың белгіге жақындап қалған кезде тоқтауы және қауіптілік тудырмайтынына көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысты жалғастыруы керек екенін көрсету кажет деп есептесе, В,2 сигналдық белгісі көше қиылысынан тыс орналастырылуы мүмкін.
5. В,1 және В,2 белгілері көше қиылысына тікелей жақын, мүмкіндігінше көлік құралдары аялдауы тиіс немесе басқа көлік құралдарына алдын ала жол бермей, олар оған шығуға тиіс емес жерлерде орнатылады.
6. А,23 немесе А,24 белгілеулері бар А белгісі алдын ала дабыл қағу белгісі ретінде пайдаланылуы мүмкін, ол тиісінше В,1 немесе В,2 белгілерінің алдында орнатылады. Алайда А(а) белгілерін ескерту белгілері ретінде қолданатын мемлекеттерде В,1 немесе В,2 белгілерінің алдында орнатылатын ескерту белгілері оларға осы Конвенцияға 7-қосымшада ескерілген 1-үлгідегі қосымша табличка қосылған белгілер болуы мүмкін.
7. «Басты жол» В,3 белгісі жолды пайдаланушыларға осы басты жолдың басқа жолдармен қиылысында сол жолдармен келе жатқан немесе олардан шығатын көлік құралдарының жүргізушілері басты жолмен келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті екенін көрсету үшін қолданылады. Бұл белгі жолдың басында орнатылуы және әрбір көше қиылысынан кейін қайталануы мүмкін, сонымен қатар ол көше қиылысына дейін немесе сол көше қиылысына орнатылады. Егер жолда В,3 сигналдық белгісі орнатылған болса, «Басты жолдың аяқталуы» В,4 сигналдық белгісі басты жолдың басқа жолдарға қарағанда басымдылығы аяқталатын жерге жақын орнатылуы тиіс. В,4 белгісі басымдылық жойылатын жерге дейін бір немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін; бұл жағдайда белгі немесе осы жердің алдында орнатылған белгілер 7-қосымшасының 1 -үлгісіндегі табличкамен толықтырылады.
8. Қиылысқа жақындағанды көрсету үшін жолға А,22 белгілеулерінің бірі бар ескерту белгісі орнатылса немесе қиылыстағы жол осы баптың 7-тармағының ережелеріне сәйкес В,3 сигналдық белгілерімен осындай ретінде белгіленген басты жол болып табылса, барлық басқа жолдардағы қиылыстарда В,1 белгісі немесе В,2 белгісі орнатылуы тиіс; алайда В,1 немесе В,2 белгілерін ауыл аралық және қара жолдарда орнату міндетті емес, себебі сол жолдармен келе жатқан жүргізушілер, мұндай белгілер болмаған кезде де, қиылыста жол беруге тиіс. Егер құзырлы органдар жүргізушілерге көлік құралының аялдауын ұйғаруды қажет деп есептесе, оның ішінде бұл көлік құралдарының жүргізушілеріне олар жақындаған жол учаскесінің қиылысы осы немесе басқа жақтан нашар көрінетін болса ғана В,2 белгісі орнатылады.
11-бап. Тыйым салатын және шектейтін белгілер
Тыйым салатын және шектейтін белгілер, аялдауға немесе тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, олардың мағынасы осы Конвенцияға 4-қосымшаның А бөлімінде көрсетіле отырып сипатталады. Сонымем қатар бұл бөлімде осы тыйым салулар мен шектеулерді немесе олардың бірін білдіретін белгілер сипатталған.
12-бап. Алдын ала жазылатын белгілер
Алдын ала жазылатын белгілер 4-қосымшаның В бөлімінде олардың мәндері көрсетіле отырып сипатталған.
13-бап. Осы конвенцияға 4-қосымшада сипатталған сигналдық белгілерге қатысты жалпы ұйғарымдар
1. Тыйым салатын, шектейтін белгілер және алдын ала жазылатын
белгілер ұйғарым, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жерге тікелей жақын орнатылады және құзырлы органдар оны қажет деп тапса, қайталануы мүмкін. Алайда құзырлы органдар оны нашар көрінетіндікке байланысты болуы немесе жолды пайдаланушыларды алдын ала ескерту үшін керек деп қаласа, бұл белгілер ұйғарым, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жердің алдында тиісті қашықтықта орнатылуы мүмкін. Ұйғарым, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жердің алдында орнатылған белгілердің астына 7-қосымшаның 1-үлгісіне сәйкес қосымша табличка орналастырылады.
2. Елді мекен атауының көрсеткішімен қатар немесе тікелей одан кейін орнатылған, міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер, елді мекен жолдарының кейбір учаскелерінде орнатылған басқа белгілердің өзге ұйғарымы болған жағдайды есептемегенде, бұл ұйғарымдардың барлық елді мекенде қолданылатынын білдіреді.
Тұруға қатысты белгілерден басқа, нұсқау белгілері
1. Осы Конвенцияға 5-қосымшада жолды пайдаланушыларға, аялдауға қатысты белгілерден басқа, пайдалы нұсқаулар беретін белгілер сипатталған немесе осындай белгілердің үлгілері келтірілген; сонымен қатар бұл қосымшада олардың пайдалануға қатысты кейбір ұйғарымдар берілген.
2. 5-баптың 1-тармағының с тармақшасында көрсетілген і-v нұсқау белгілеріндегі жазбалар, латын алтфавитін пайдаланбайтын елдерде ұлттық тілде де, мүмкіндігінше транслитерация және ұлттық тілде сөздердің айтылуын беретін латын әріптерімен де жазылады.
3. Латын алфавитін пайдаланбайтын елдерде латын әріптерімен жазылған сөздер ұлттық тілдегі мәтіні бар белгіде де, сондай-ақ қосымша тілде де орналастырылуы мүмкін.
4. Белгідегі жазбалар кемімде екі тілде ғана жазылу керек.
15-бап. Бағыттардың алдын ала көрсеткіштері
Бағыттардың алдын ала көрсеткіштері қиылыстан жол мен қозғалыс жағдайларын, атап айтқанда, көлік құралдары қозғалысының әдеттегі жылдамдығы мен ол жерден белгі көрінетін қашықтықты ескере отырып, күндіз де, түнде де олардың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылуы тиіс; бұл қашықтық елді мекендерде 50 м-ден (55 ярдтан) аспауы тиіс, бірақ автомагистральдарда және жоғары жылдамдықтағы қозғалыс жолдарында кемінде 500 м (550 ярд) болуы тиіс. Бұл белгілер қайталануы мүмкін. Белгінің астында орналасқан қосымша табличкада белгі мен қиылыстың арасындағы қашықтық көрсетілуі мүмкін; сондай-ақ бұл қашықтық сол белгінің төменгі бөлігінде көрсетілуі де мүмкін.
16-бап. Бағыттарды көрсеткіштер
1. Бағыттың бір және сол көрсеткішінде бірнеше елді мекеннің атауы белгіленуі мүмкін; бұл жағдайда атаулар сигналдық белгіде бірінен соң бірі көрсетіледі. Бір елді мекеннің атауы үшін, егер осы елді мекен ең ірі болып табылатын жағдайда ғана, басқа елді мекендердің атауларына қарағанда, ең үлкен әріптермен жазылуы мүмкін.
2. Белгілерде қашықтық белгіленсе, тиісті сандар елді мекен атауымен бір деңгейде жазылу керек. Нұсқар нысанды бағыттарды көрсеткіштерде бұл сандар елді мекеннің атауы мен нұсқар ұшының арасында орналастырылуы керек; тік бұрышты нысанды белгілерде олар елді мекеннің атауынан кейін орналастырылуы тиіс.
Жолдарды белгілеу үшін не болмаса сандардан, әріптерден немесе сандар мен әріптердің комбинациясынан тұратын олардың нөмірлерінің не болмаса жолдардың атауының көмегімен пайдаланылатын белгілер тік бұрышты немесе қалқан үлгідегі жол шеңберге орналастырылған осы нөмірден немесе атаудан тұруы мүмкін. Алайда оларда жолдарды жіктеу жүйесі бар Уағдаласушы Тараптар бұл жол шеңберлерді жіктеуді белгілеумен алмастыра алады.
18-бап. Атауларды көрсеткіштер
1. Атауларды көрсеткіштер екі мемлекеттің немесе бір және сол елдің екі әкімшілік бірліктерінің арасындағы шекараны не болмаса елді мекен, өзен, өткел, жергілікті жер және т.б. атауларды көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
2. Е,9(а) немесе Е,9(b) белгілері елді мекенге кірер жолда; Е,9(е) немесе Е,9(d) белгілері елді мекеннің шығар жолда орнатылады. Ұлттық заңнама, елді мекендегі жолдардың кейбір учаскелерінде өзге ережелер басқа белгілермен ұйғарылатын жағдайларды қоспағанда, бұл белгілер жолды пайдаланушыларға Е,9(а) немесе Е,9(b) белгілерінен Е,9(с) немесе Е,9(d) белгілеріне дейін елді мекенде осы елдің аумағында қолданыстағы жол қозғалысы ережесін қолдануды көздей алады; алайда В,4 белгісі елді мекенде жолда жүрудің басымдылық құқығы өз әрекетін тоқтатқан жағдайларда, В,3 сигналдық белгісі бар бас жолдарда орнатылуы тиіс.
3. Елді мекен атауынан басқа өзге нұсқаулар беретін атауларды көрсеткіштер Е,9(а)-Е,9(b) белгілерінен, көбінесе түсі бойынша ерекшеленуі тиіс.
Растайтын белгілер құзырлы органдар оны, мысалы ірі елді мекендерден шығар кезде, қажет деп есептесе, жол бағытын растау мақсатын көздейді. Оларда осы Конвенцияның 16-бабының 1-тармағында көзделгендей, бір немесе бірнеше елді мекеннің атауы көрсетіледі. Қашықтық көрсетілген жағдайда тиісті сандар елді мекен атауынан кейін орналастырылады.
20-бап. Жаяу жүргінші өтпесіндегі белгі
Е,11(а) немесе Е,11(b) белгісі құзырлы органдар мақсатқа сай деп есептеген жүргінші өтпелерінде орналастырылады.
21-бап. Әр түрлі нұсқау белгілеріне қатысты жалпы ұйғарымдар
1. Осы Конвенцияның 15-20-баптарында аталған нұсқау белгілері құзырлы органдар мақсатқа сай деп есептеген жерлерге орнатылады. Басқа нұсқау белгілері 6-баптың 1-тармағының ережелерін ескере отырып, құзырлы органдар мақсатқа сай деп есептеген жерлерге орнатылады; атап айтқанда, Ғ,2-Ғ,7 белгілері оларда апат болған жағдайда жөндеу пунктері, жанар-жағар май құю, түнеу және тамақтану пунктері бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан жолдарда ғана орнатылады.
2. Нұсқау белгілері қайталануы мүмкін. Белгінің астында орналасқан қосымша табличка белгіден бастан оның болуы туралы осы белгі көрсететін орынға дейінгі ара қашықтықты көрсетеді; бұл қашықтық сол белгінің төменгі жағында белгіленуі мүмкін.
Аялдауға және тұруға қатысты белгілер
Осы Конвенцияға 6-қосымшаның А бөлімінде аялдауға немесе тұруға тыйым салатын немесе шектейтін белгілер сипатталған, ал В бөлімінде тұруға байланысты пайдалы нұсқаулар беретін басқа белгілер, осы қосымшада бұл белгілердің мағынасы, сондай-ақ оларды пайдалануға қатысты кейбір ұйғарымдар беріледі.
III Тарау. Жарық жол сигналдары
23-бап. Көлік құралдарының қозғалысын реттеуге арналған сигналдар
1. Осы баптың 12-бабының ережесін сақтаған жағдайда көлік құралдарының қозғалысын реттейтін жарық сигналдары ретінде төмендегі мағынасы бар төменде көрсетілген оттар ғана пайдаланылуы мүмкін:
а) жыпылықтамайтын сигналдар;
і) жасыл сигнал жолдан ету рұқсатын білдіреді; алайда қиылыстағы қозғалысты реттеуге арналған жасыл сигнал жүргізушілерге, егер олар қозғалуға ниет білдірген бағытта қозғалыс кептелісі пайда болып, бұл жағдайда олар қиылысқа шығарда сигнал фазасы ауысқан кезде оны босата алмаса, жүруге рұқсат бермейді;
іі) қызыл сигнал қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді; көлік құралдары аялдау сызығын қиып өтуге немесе егер аялдау сызығы болмаса, бағдаршамнан асуға тиіс емес; егер бағдаршам қиылыстың ортасында немесе қарама-қарсы жағында орналасқан болса, олар қиылысқа немесе осы қиылыстағы жаяу жүргінші өтпесіне шығуға тиіс емес;
ііі) сары сигнал, ол бір өзі немесе қызыл сигналмен бір уақытта қосылады; бір өзі ғана қолданылғанда, ол ешбір көлік құралының аялдау сызығын қиып өтпеу керектігін немесе сигнал жанған сәтте ол бағдаршамға жақын жағдайларды есептемегенде, қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, аялдау сызығының немесе бағдаршамның алдында аялдай алмайтынын білдіреді. Егер сигнал жол қиылысының ортасында немесе одан келіп орналасса, онда сары сигнал жанған сәтте қиылысқа тым жақын келіп қалған, қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, қиылысқа шығар кезде аялдау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, сары сигнал ешбір көлік құралының қиылысқа немесе осы қиылыстағы жаяу жүргіншілер өтпесіне шықпауы тиіс екенін білдіреді. Сары сигнал қызыл сигналмен бір уақытта қосылған кезде сигнал көрсеткіштерінің шұғыл ауысатынын білдіреді, бірақ ол қызыл сигнал ұйғарған жүруге тыйым салуды өзгертпейді;
b) жыпылықтайтын жарықтар
і) бір қызыл жыпылықтайтын сигнал немесе олардың біреуі қосылғанда, екіншісі сөнетін, бір және сол бағанда бір биіктікте орналасқан және бір бағытқа қаратылған, кезекпен қосылатын екі қызыл сигнал көлік құралының аялдау сызығын қиып өтпеуге тиіс екенін, ал егер аялдау сызығы болмаса, бағдаршамнан асып аялдауға болмайтынын білдіреді; бұл сигналдар тек қана темір жол өтпелерінде және айырылатын көпірлерге шығатын жерлерде немесе кеме-паромдар қемежайында, сондай-ақ өрт сөндірушілер автомобильдерінің жолға шығуымен немесе оның траекториясы жақын биіктікте автомобиль жолымен қиылысатын ұшу аппараттарының жақындауымен байланысты жүруге тыйым салуды белгілеу үшін қолданылады;
іі) жыпылықтайтын сары сигнал немесе кезекпен жыпылықтайтын екі сары сигнал жүргізушіге қозғалысты жалғастыруға болатынын, бірақ бұл ретте оның ерекше сақтық сақтауға міндетті екенін білдіреді.
2. Үш түсті жарық сигналдарының жүйесі үш жыпылықтамайтын сигналдан, атап айтқанда қызыл, сары және жасыл сигналдардан тұрады; жасыл сигнал қызыл және сары сигналдар сөнгеннен кейін ғана қосылуы тиіс.
3. Екі түсті жарық сигналдары жыпылықтамайтын қызыл және жасыл
түстерден тұрады. Қызыл және жасыл сигналдар бір уақытта қосылуға тиіс емес. Екі түсті жарық сигналдарының жүйесі осы Конвенцияның 3-бабының 3 тармағында көзделген қолда бар құрылғыларлы ауыстыру мерзіміне қатысты көрсетіле отырып, уақытша қондырғы ретінде ғана қолданылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген үш түсті және екі түсті жүйелердің сигналдары тігінен немесе көлденеңінен орналастырылады.
5. Сигналдар тігінен орналасқан жағдайларда қызыл сигнал жоғары орналастырылады; егер сигналдар көлденең орналасқан болса, онда қызыл сигнал қозғалыс бағытына сәйкес жаққа қарама-қарсы жақта орналастырылады.
6. Үш түсті жүйеде сары сигнал ортасында орналастырылады.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған үш түсті және екі түсті жүйелерінің сигналдарында олардың барлығы дөңгелек болуы тиіс. Осы баптың 1-тармағына аталған жыпылықтайтын қызыл сигналдар да дөңгелек болуы тиіс.
8. Жыпылықтайтын сары сигнал жеке орнатылуы мүмкін; қозғалыс азайған кезде бұл сигнал үш түсті жүйе сигналдарымен ауыстырылуы мүмкін.
9. Үш түсті жүйенің жасыл сигналының бір немесе бірнеше нұсқары болса, бұл нұсқар мен нұсқарлардың қосылуы көлік құралдарының нұсқар немесе нұсқарлар көрсеткен бағытта немесе бағыттарда жүре алатындығын білдіреді. Тура жүруге рұқсат беретін нұсқарлардың ұшы жоғары бағытталуға тиіс.
10. Үш түсті жүйенің сигналы нұсқары немесе нұсқарлары бар бір немесе бірнеше жасыл сигналмен толықтырылған болса, осы қосымша нұсқардың немесе қосымша нұсқарлардың қосылуы - осы кезде үш түсті жүйенің қай сигналы қосылып тұрғанына қарамастан, көлік құралдарының нұсқар немесе нұсқарлар көрсеткен бағытта немесе бағыттарда жүре алатындығын білдіреді; бұл сондай-ақ, егер көлік құралдары нұсқар көрсеткен бағыттағы қозғалысқа ғана арналған жолақта немесе ол бойынша қозғалыс жүзеге асырылатын жолақта болса, олардың жүргізушілері олар жүруге ниет білдірген бағытта қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол берген және олар жаяу жүргіншілерге қауіпті тудырмайтын жағдайда, олардың көлік құралдарының аялдауы сол жолақта олардан кейін келе жатқан басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасаған жағдайларда осы бағытпен жүру керектігін білдіреді. Осы қосымша жасыл сигналдар кәдімгі жасыл сигналмен бір деңгейде орнатылуға тиіс.
11. Жасыл немесе қызыл сигналдар бірнеше қозғалыс жолақтары бар, ұзына бойғы сызықтармен белгіленген жол қозғалысы жолақтарына орнатылғанда, қызыл сигнал ол орналасқан жолақтағы қозғалысқа тыйым салуды, ал жасыл сигнал ондағы қозғалысқа рұқсат беруді білдіреді. Осылайша орнатылған қызыл сигналдың екі айқасқан иілген жолақты нысаны, ал жасыл сигналдың төменге бағытталған нұсқар нысаны болуы тиіс.
12. Ұлттық заңнама кейбір темір жол өтпелерінде жүріп өту рұқсатын білдіретін баяу жыпылықтайтын ай түстес ақ сигнал орнатуды көздей алады.
13. Егер жолдың жарық сигналдары тек велосипед жүргізушілеріне арналған болса, егер ол шатастырып алудың алдын алуға қажет болса, сигналдың өзінде велосипед сұлбасын бейнелеуге немесе велосипед суреті салынған тік бұрышты табличкамен толықтырылған кіші көлемді сигналды пайдалануға болады.
24-бап. Жаяу жүргіншілерге ғана арналған сигналдар
1. Жаяу жүргіншілерге ғана арналған жарық сигналдары ретінде мынадай мағыналары бар төменде көрсетілген сигналдар ғана пайдаланылуы мүмкін:
а) жыпылықтамайтын сигналдар:
і) жасыл сигнал жаяу жүргіншілердің қозғалысына рұқсатты білдіреді;
іі) сары сигнал жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салуды білдіреді, бірақ жүріс бөлігіне шығып үлгергендерге одан өтуді аяқтауға мүмкіндік береді;
ііі) қызыл сигнал жаяу жүргіншілердің жолдың жүріс бөлігіне шығуына тыйым салуды білдіреді;
b) жыпылықтайтын сигналдар:
жасыл жыпылықтайтын сигнал жаяу жүргіншілердің жолдың жүріс бөлігінен өту уакыты аяқталғанын және тез арада қызыл сигнал қосылатынын білдіреді.
2. Жаяу жүргіншілерге арналған жарық сигналдары екі түстен, атап айтқанда қызыл және жасыл түстен тұратын екі түсті жүйелі болуы тиіс; алайда олар қызыл, сары және жасыл түстерден тұратын үш түсті жүйеде болуы мүмкін. Екі сигнал ешқашан бір уакытта қосылмауы тиіс.
3. Сигналдар тігінен орнатылуға тиіс, бұл ретте қызыл сигнал әрқашан үстінде, жасыл сигнал - әрқашан астында болу керек. Қызыл сигналда қозғалмайтын жаяу жүргіншінің немесе жаяу жүргіншілердің сұлбасының, ал жасыл сигналда - қозғалыстағы жаяу жүргіншінің немесе жаяу жүргінншілердің сұлбасының нысаны болғаны дұрыс.
4. Жаяу жүргіншілер бағдаршамының құрылысы және олардың орналасу тәсілдері оларды жүргізушілердің көлік құралдарының қозғалысын реттеуге арналған жарық сигналдары ретінде қабылдауына мүмкіндік бермеуге тиіс.
25-бап
Құзырлы органдар оны жол қозғалысын реттеу, жолды пайдаланушыларды ескерту немесе бағыттау мақсатында қажет деп тапқан жағдайларда жүріс бөлігіндегі белгілеулер (жол таңбалары) қолданылады. Бұл белгілеулер дербес, сондай-ақ олардың көрсеткіштерін күшейту немесе нақтылау үшін басқа да жол сигналдық белгілермен қатар қолданыла алады.
1. Жүріс бөлігі бойынша өткізілген тұтас сызықтан тұратын ұзына бойғы таңба барлық көлік құралдарының одан өтіп кетуіне немесе үстінен жүруіне тыйым салуды білдіреді; таңба қозғалыстың қос бағытын тең бөлген кезде, ол жүргізуші үшін қозғалыс бағытына сәйкес келетін жүріс бөлігінің қарсы шеті болып табылатын таңба жақтан ешбір көлік құралының жүрмеуге тиіс екенін білдіреді. Екі тұтас сызықтан тұратын ұзына бойғы таңбаның да мағынасы осындай.
2. а) Жолдың жүріс бөлігі бойынша өткізілген үзік сызықтардан тұратын, ұзына бойғы таңба тыйым салу мағынасын бермейді, бірақ олар:
і) не болмаса қозғалыс жолағының ара-жігін ашуға, сондай-ақ қозғалыс ағындарының бағыттарын бөлуге;
іі) не болмаса тұтас сызыққа жақындағаны және ол белгілеген тыйым салу немесе аса қауіптілік тудыратын басқа учаскеге жақындағаны туралы ескертуге;
b) сызықтар арасындағы қашықтық ұзындығының сызық ұзындығына қатынасы осы тармақтың а, і-тармақшаларында баяндалған мақсаттарда пайдаланылатын сызықтарға қарағанда, осы тармақтың а, іі-тармақшаларында баяндалған мақсаттарда пайдаланылатын үзік сызықтардағы кесінділерден едәуір кішкентай болуы тиіс.
3. Ұзына бойғы таңба жолдың жүріс бөлігінде үзік сызықпен қатар
тұтас сызықтан тұратын жағдайларда, жүргізушілер олардың жағындағы сызықтардағы көрсеткіштерді ғана басшылыққа алуы тиіс. Бұл ереже рұқсат етілген басып озуды іске асырған жүргізушілерге қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолаққа қайта шығуға кедергі келтірмейді.
4. Осы баптың ережесін қолданған кезде олардың жақсы көрінуін
қамтамасыз етуге арналған жолдың жүріс бөлігінің шетін білдіретін немесе олар көлденең сызықтармен қосылған, жолдың жүріс бөлігінде аялдауға арналған жерлерді білдіретін ұзына бойғы сызықтар ұзына бойғы таңбалар болып табылмайды.
1. Бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарының барлық еніне жүргізілген тұтас сызықтан немесе екі параллель тұтас сызықтан тұратын көлденең таңба осы Конвенцияның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген «Аялдаусыз өтуге тыйым салынады» В,2 сигналдық белгісімен ұйғарылған, көлік құралдарының аялдау сызығын білдіреді. Сонымен қатар мұндай таңба аялдау сызығын көрсету үшін немесе теміржол өтпесінің алдында қолданылуы мүмкін, оны жол жарық сигналдары, жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адам ұйғара алады. В,2 сигналдық белгісіне ілесетін таңбаның алдында жолдың жүріс бөлігінде «тоқта» сөзі берілуі мүмкін.
2. Техникалық жағынан мүмкін болмаған жағдайларда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген көлденең таңба әрбір В,2 белгісі орнатылғаннан кейін қойылуы керек.
3. Бір үзік сызықтан немесе бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарының барлық ені бойынша қатар жүргізілген екі үзік сызықтан тұратын көлденең таңба олар осы Конвенцияның 10-бабының 2-тармағында айтылған «Басты жол қиылысы» В,1 белгісіне сәйкес жол беруге міндетті болғанда, көлік құралдарының одан өтпеуге тиіс сызығын білдіреді. Осы таңбаның алдында В,1 белгісін белгілеу үшін жолдың жүріс бөлігінде жалпақ көмкерілген үшбұрыш бейнеленуі мүмкін, оның бір жағы таңбаға параллель, ал қарама-қарсы ұшы жақындап қалған көлік құралдарына бағытталған болады.
4. Жаяу жүргіншілер өтпесін белгілеу үшін жолдың жүріс бөлігінің осіне параллель, барынша жалпақ жолақтар жүргізген жөн.
5. Велосипедшілер өтпесін белгілеу үшін көлденең сызықтар не болмаса жаяу жүргіншілер өтпесіне қойылатын таңбалар ретінде қабылдауға болмайтын басқа таңба қолданылады.
1. Жолдың жүріс бөлігіндегі таңбалардың басқа түрлері, нұсқарлар, параллель немесе қиғаш сызықтар немесе жазбалар сигналдық белгілердің ұйғарымдарын қайталау үшін немесе жолды пайдаланушыларға сигналдық белгілер бермейтін көрсеткіштерді беру үшін қолданылуы мүмкін. Таңбалардың мұндай түрлері, көбінесе, тұрақ аймақтарының немесе жолақтарының шекараларын, оларда тұруға тыйым салынатын, автобустардың немесе троллейбустардың аялдау орындарын, сондай-ақ жол қиылысына жақындаған кезде қатардан-қатарға алдын ала орын ауыстыруды белгілеу үшін пайдаланылады. Алайда, егер ұзына бойғы таңбалармен қозғалыс жолақтарына бөлінген жүріс бөлігінде нұсқар болса, онда жүргізушілер олар келе жатқан жолақта көрсетілген бағытта немесе бағыттардың бірімен қозғалысты жалғастыруға тиіс.
2. Осы Конвенцияның 27-бабы 4-тармағының жаяу жүргіншілерге
қатысты ережелері сақталған жағдайда, жолдың жүріс бөлігі аймағын немесе жолдың жүріс бөлігі деңгейінен сәл шығыңқы аймақты тұтас немесе үзік жолақтармен жиектелген параллель көлбеу сызықтармен таңбалау тұтас жолақтар болған кезде көлік құралдарының бұл аймаққа шықпауға тиіс екенін, ал үзік сызықтар болған кезде бұл аймаққа тек қауіпсіз болған жағдайда ғана немесе жүріс бөлігінің қарама-қарсы жағынан көлденең көшеге өту үшін қажет болғанда өтуге болатынын білдіреді.
3. Жолдың жүріс бөлігінің шетіндегі ирек сызық жүріс бөлігінің көрсетілген жағынан осы сызықтың барлық ұзындығында тұруға тыйым салуды білдіреді.
1. Осы Конвенцияның 26-28-баптарында айтылған таңба жолдың жүріс бөлігінде бояумен немесе соншалықты тиімді болып табылатын кез-келген тәсілмен жасалуы мүмкін.
2. Егер жолдың жүріс бөлігінің таңбасы бояумен жасалса, онда ол сары немесе ақ түсті болуы тиіс; алайда рұқсат етілген немесе шектелген аялдау орнын белгілейтін таңба үшін көк түс қолданылуы мүмкін. Уағдаласушы Тараптың аумағында сары және ақ түстің екеуі де қолданылатын болса, бір санаттағы таңба бір түсті болуы тиіс. Осы тармақтың ережелерін қолданған кезде «ақ» терминіне «күміс түстес» немесе «ақ-сұр» бояулары да жатады.
3. Таңбаға енгізілген жазбаларды, суреттер мен нұсқарларды салу кезінде олардың көлік құралдарының қозғалыс бағытында жүргізушілерге кіші бұрышты қиғаштықта ғана көрінетіндігі үшін жазбалардың, суреттер мен нұсқарлардың көлемін ұлғайту қажеттігін ескеру қажет.
4. Жылжымалы көлік құралдарына арналған жол таңбасы оны қозғалыстың қарқындылығы талап ететін жағдайларда және нашар жарықтанған немесе мүлде жарықтандырылмаған жерлерде жарық қайтарғыш болуы ұсынылады.
Осы Конвенцияға 8-қосымшада жол таңбаларының сызбаларына немесе суреттеріне қатысты ұсынымдардың жиынтығы берілген.