А,3(а) белгілеуінің оң жағы сигналдық белгі қалқанының оң бұрышын, ал оның негіздемесі осы қалқанның барлық енін алады. А,3(а) және А,3(b) белгілеулеріндегі сан өрлеудің пайызын көрсетеді; бұл нұсқаулар қатыстылықпен (1:10) алмастырылуы мүмкін. Алайда тік еңіс үшін А,2(с) белгілеуін таңдап алған Уағдаласушы Тараптар А,3(а) белгілеуінің орнына А,3(с) белгілеуін, ал А,2(d) белгілеуін таңдап алған Уағдаласушы Тараптар А,3(b) белгілеуінің орнына А,3(d) белгілеуін ала алады.
4. Жолдың тарылуы
Жолдың тарылуын ескерту үшін А,4(а) белгілеуі немесе осы жердің кескін үйлесімін едәуір анық көрсететін белгілеу, мысалы А,4(b) сияқты белгілеу пайдаланылады.
5. Айырылатын көпір
Айырылатын көпірге жақындағаны туралы ескерту үшін А,5 белгілеуі пайдаланылады.
А,5 белгілеуі бар ескерту белгісінің астына 3-қосымшаның С бөлімінде сипатталған А,29(а) үлгісіндегі тік бұрышты табличка орналастырылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда А,5 белгілеуі мен айырылатын көпірдің арасындағы қашықтықтың шамамен үштен біріне және үштен екісіне көрсетілген қосымшада сипатталған А,29(b) және А,29(с) үлгілерінің табличкалары орналастырылады.
6. Жағалауға немесе жағаға шығу
Жолдың жағалауға немесе жағаға шығатыны туралы ескерту үшін А,6
белгілеуі пайдаланылады.
7. Тегіс емес жол
Шұңқырларға, дөңес көпірлерге немесе дөңестерге немесе жолдың жүріс бөлігі нашар жағдайдағы жерлерге жақындағаны туралы ескерту үшін А,7(а) белгілеуі пайдаланылады.
Дөңес көпірлерді немесе дөңес жерлерді белгілеу үшін А,7(а) белгілеуі А,7(b) белгілеуімен алмастырылуы мүмкін.
Шұңқырларды белгілеу үшін А,7(а) белгілеуі А,7(с) белгілеуімен алмастырылуы мүмкін.
8. Тайғақ жол
Жолдың тайғақтығы өте жоғары учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,8 белгілеуі пайдаланылады.
9. Қиыршық тастың шашылуы
Жолдың қиыршық тастар шашылуы мүмкін учаскесіне жақындағаны
туралы ескерту үшін А(а) белгісінің үлгісіндегі А,9(а) белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,9(b) белгілеуі пайдаланылады.
Сол жақты қозғалыс кезінде белгілеулер қарама-қарсы жаққа қаратылады.
10. Тастардың құлауы
Тастардың құлау қаупі бар және оның салдарынан жолдарда тастардың болуы мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А(а) белгісінің үлгісіндегі А,10(а) белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,10(b)белгілеуі пайдаланылады.
Екі жағдайда да белгілеудің оң жағы сигналдық белгі қалқанының оң бұрышын алады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
11. Жаяу жүргінші өтпесі
Жол таңбасымен немесе Е,11(а) немесе Е,11(b) белгісімен белгіленген жаяу жүргінші өтпесіне жақындағаны туралы ескерту үшін екі - А,11(а) және А,11(b) және А,11 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
12. Балалар
Жолдың балалар жиі өтетін, мысалы мектептен немесе ойын алаңдарынан шығатын учаскелеріне жақындағаны туралы ескерту үшін А,12 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
13. Велосипедшілердің шығуы
Велосипедшілер жолға жиі шығатын немесе оны кесіп өтетін жерлерге жақындағаны туралы ескерту үшін А,13 белгілеуі пайдаланылады.
14. Мал айдап өтетін және басқа да жануарлардың шығып қалуы мүмкін жерлер
Жолдың мал кесіп өту қаупі бар жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін жиі кездесетін үй немесе дала жануарларының сұлбасынан тұратын белгілеулер, мысалы үй жануары үшін А,14(а) белгілеуі; жабайы аңдар үшін А,14(b) белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеулер қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
15. Жөндеу жұмыстары
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,15 белгілеуі пайдаланылады.
16. Жарық сигнализациясы
Қозғалысы үш түсті сигналмен реттелетін жерге жақындағаны туралы ескерту қажет деп табылса және оны жолды пайдаланушылар алдын ала байқай алмайтын жағдайларда, А,16 белгілеуі пайдаланылады. А,16 белгілеуінің үш үлгісі бар: А,16(а); А,16(b) және А,16(с), олар осы Конвенцияның 23-бабының 4-6-тармақтарында сипатталған үш түсті жүйедегі сигналдардың орналасуына сәйкес келеді.
Бұл белгілеуге үш түсті сигнал, атап айтқанда оған жақындағаны туралы ескертетін сигнал түстері кіреді.
17. Ұшу-қону жолағы
Ұшу-қону алаңынан ұшатын немесе оған қонатын ұшу аппараттарының шағын биіктікте ұшып етуі мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,17 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
18. Бүйірден соғатын жел
Бүйірден қатты жел жиі соғуы мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,18 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
19. Екі жақты қозғалыс
Мұның алдындағы учаскеде қозғалыс бір бағытты немесе бір бағыттағы қозғалысқа арналған бірнеше жүріс бөліктері бар жолда жүргізілсе, онда бір жүріс бөлігінде уақытша немесе ұдайы екі жақты қозғалыс жүргізілетін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,19 белгілеуі пайдаланылады.
Осындай белгілеуі бар белгі аталған учаскеге кірер жерде, сонымен қатар жол учаскеде қажеттілігіне қарай жиі қайталануы тиіс. Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлар қарама-қарсы жаққа қаратылуы тиіс.
20. Басқа қауіптіліктер
Жоғарыда 1-19-тармақтарда немесе 2 және 3-қосымшалардағы белгілеулермен көзделмеген қауіптілігі бар жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,20 белгілеуі пайдаланылады.
Алайда Уағдаласушы Тараптар Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының а, іі тармақшаларының ережелеріне сәйкес графикалық белгілеулерді қабылдай алады.
А,20 белгісі, көбіне, онда темір жол қозғалысы өте төмен жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын қажетті сигналдарды қолмен беретін, темір жол құралдарына ілесіп жүретін адам реттейтін темір жол қиылысы туралы ескерту үшін қолданылуы мүмкін.
Жол қиылыстарында жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер, жол қиылыстарына жақын орнатылатын ескерту белгілері және жолдың тар учаскелерінде жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер
Ескертпе: Егер басты жол кіретін қиылыста соңғысының бағыты өзгерсе, қиылысқа жақындағаны туралы ескертетін белгілердің астына немесе қиылыста немесе оның алдында орнатылған жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілердің астына қиылыстагы сызбада басты жолдың бағытын көрсететін табличка орналастырылуы мүмкін.
А бөлімі. Жол қиылыстарында жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер
1. «Басты жолдың қиылысы» белгісі
«Басты жолдың қиылысы» белгісі В,1 белгісі болып табылады. Оның нысаны бір қабырғасы көлденең орналасқан, ал қарама-қарсы ұшы төмен қараған, тең қабырғалы үшбұрышты болады; фоны ақ немесе сары түсті, ал жиегі қызыл түсті болуы тиіс; белгіде белгілеулер болмайды.
Қалыпты көлемдегі белгілер үшін үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы шамамен 0,9 м (3 фут), ал кіші көлемдегі белгі үшін кем дегенде 0,6 м (2 фут) құрайды.
2. «Аялдаусыз жолдан өтуге тыйым салынады» белгісі
«Аялдаусыз жолдан өтуге тыйым салынады» белгісі В,2 белгісі болып табылады, онда екі үлгі бар:
- В,2(а) үлгісі қызыл фонда ағылшын немесе тиісті мемлекеттің тілінде ақ әріптермен жазылған «тоқта» деген сөз жазылған сегізбұрышты болуы тиіс: сөздің әріптерінің биіктігі табличка биіктігінің кемінде үштен біріндей болуы тиіс;
- В,2(b) үлгісі ақ немесе сары фонда және қызыл жиегі болуы тиіс; оның ішінде В,1 белгісі жазбасыз орналастырылады және сонымен қатар үстіңгі бөлігінде қара немесе көк түсті әріптермен ағылшын немесе тиісті мемлекеттің тілінде «тоқта» сөзі орналастырылады. Қалыпты көлемдегі В,2(а) белгісінің биіктігі және қалыпты көлемдегі В,2(b) белгісінің диаметрі 0,9 м (3 фут) құрауы тиіс: кіші көлемдегі белгілердің биіктігі мен диаметрі тиісінше 0,6 м (2 фут)болуы тиіс.
В,2(а) және В,2(b) үлгілерінің арасындағы таңдауға қатысты Конвенцияның 5-бабының 2-тармағын және 10-бабының 3-тармағын қараңыз.
3. «Басты жол» белгісі
«Басты жол» белгісі В,3 белгісі болып табылады. Ол шаршы нысанды, оның диагоналдарының бірі тігінен орналасқан. Шаршы қара жиекпен көмкерілген; ортасына сары немесе қызғылт сары түсті қара жиегі бар шаршы орналасқан. Екі шаршы арасындағы кеңістік ақ түсті болуы тиіс.
Қалыпты көлемдегі белгілер үшін шаршы қабырғаларының ұзындығы шамамен 0,5 м (1 фут 8 дюйм), кіші көлемдегі белгілерде - кем дегенде 0,35 м (1 фут 2 дюйм) болады.
4. «Басты жолдың аяқталуы»
«Басты жолдың аяқталуы» белгісі В,4 белгісі болып табылады. Бұл белгі жоғарыда бейнеленген В,3 белгісінен және оған шаршының төменгі сол жағына және жоғары оң жағына перпендикуляр қара немесе сұр орталық жолақ немесе жоғарыда аталған жолақты құрайтын параллель сұр штрихтар қосылған белгіден тұрады.
В бөлімі. Қиылыстарға жақын орнатылатын ескерту белгілері
1. Белгілер
Қиылыстарға жақын орнатылатын ескерту белгілері 1-қосымшаның А бөлімінде сипатталған А(а) немесе А(b) белгілеріне сәйкес болуы тиіс.
2. Белгілеулер
Белгілеулер қара немесе көк болуы тиіс.
а) А(а) немесе А(b) белгілеріне орналастырылатын белгілеулерге қатысты мынадай жағдайлар болады:
і) ол бойынша жолдан өтудің басымдылық құқығы мемлекетте қолданылатын жалпы қабылданған жолдан өтудің басымдылық ережесімен айқындалатын қиылыс; А(а) белгісінің үлгісіндегі А,21(а) белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,21(b) белгілеуі пайдаланылады.
А,21(а) және А,22(b) белгілеулері қиылыстың сипатын анағұрлым анық көрсететін, мысалы А,21(с), А,21(d), А,21(е), А,21(f) және А,21(g) белгілеулерімен алмастырылуы мүмкін.
іі) жолды пайдаланушылар жол беруі тиіс жолмен қиылыс; А,22(а) белгілеуі пайдаланылады.
А,22(а) белгілеуі қиылыстың сипатын анағұрлым анық көрсететін, мысалы А,22(b) және А,22(с) белгілеулерімен алмастырылуы мүмкін.
Егер жолда немесе ол белгіленген қиылысты құрайтын жолдарда В,1 немесе В,2 белгілері қойылса немесе жол сипаты ұлттық заңнамаға байланысты онымен жүріп келе жатқан жүргізушілер осы белгілеулердің бар-жоғына қарамастан қиылыста жол беруі тиіс (мысалы, ауыл аралық немесе қара жолдарда) болса, осындай жағдайларда ғана бұл белгілеулер қолданылуы мүмкін. Оларда В,3 белгісі орнатылған жолдарда осы белгілеулерді пайдалану кейбір ерекше жағдайлармен шектеледі.
ііі) Жолды пайдаланушылар жол беруі тиіс жол қиылысы.
Егер қиылыста «Басты жолмен қиылыс» белгісі орнатылған болса, А,23 белгілеуі қолданылады.
Егер қиылыста «Аялдаусыз өтуге тыйым салынады» (В,2) белгісі орнатылған болса, онда А,24(а) және А,24(b) белгілеулерінің В,2 белгісінің үлгісіне сәйкес келетіні қолданылады.
Алайда А(а) сигналдық белгісі мен оның белгілеулерінің орнына осы Конвенцияның 10-бабының 6-тармағына сәйкес В,1 немесе В,2 белгілері қолданылуы мүмкін.
іv) Айналмалы қозғалысы бар қиылыс: А,25 белгілеуі пайдаланылады.
Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлардың бағыты кері болуы тиіс.
b) Қиылыстағы қозғалыс жарық сигналдарымен реттелетін жағдайларда, осы В бөлімінде сипатталған белгілерге қосымша немесе осы белгілердің орнына 1-қосымшаның В бөлімінде сипатталған А,16 белгілеумен бірге А(а) немесе А(b) белгілері орналастырылуы мүмкін.
С бөлімі. Жолдың тар учаскелерінде жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер
1. Қарсы келе жатқан көлікке басымдылық беретін белгі
Қарсы жол айрығы қиын немесе мүмкін емес болатын жолдың тар учаскесінде қозғалыс реттеледі, егер осы реттеу жарық жол сигналдарын орнатуда емес, бір бағыттағы қозғалысқа басымдылық беруді білдірсе, себебі жүргізушілер күндіз де, түнде де одан жүріп өту жолын анық көре алады, «Қарсы келе жатқан көліктің басымдылығы» В,5 белгісі басымдылық құқығы жоқ жүріп өту жағынан қозғалыс бағытына қаратып орнатылады. Бұл белгі қарсы келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілерін аялдауға мәжбүр етпей, осы учаскеден өтуге болғанша жолдың тар учаскесіне шығуға тыйым салынатын көрсетуді білдіреді.
Бұл белгі дөңгелек ақ немесе сары фонда және қызыл жиекті болуы тиіс; басымдылық берілген бағытты білдіретін нұсқар қара түсті, ал басқа бағытты білдіретін нұсқар қызыл түсті болуы тиіс.
Сол жақты қозғалысы бар мемлекеттерде нұсқарлар кері орналастырылуы тиіс.
2. Қарсы келе жатқан көлікке қатысты басымдылық беретін белгі
Жүргізушілерді жолдың тар учаскесінде қарсы келе жатқан көлікке қарағанда басымдылықты пайдаланатынын ескерту үшін В,6 белгісі қолданылады.
Бұл белгінің фоны көгілдір түсті, нысаны тік бұрышты болады; жоғары бағытталған нұсқар ақ, ал басқасы қызыл түсті болуы тиіс.
Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлар кері бағытта орналасуы тиіс.
Жолда В,6 белгісі пайдаланылса, жолдың тар учаскесінің басқа жағынан кері бағытта келе жатқан көлік құралдарына арналған В,5 белгісі міндетті түрде орнатылады.
Темір жол өтпелеріне қатысты белгілер
А бөлімі. Ескерту белгілері
1-қосымшаның А бөлімінде сипатталған А(а) немесе А(b) белгілері орнатылуға тиіс белгілер болып табылады. Белгіде орналастырылатын белгілеуге қатысты мына жағдайлар айқындалады:
а) шахматтық тәртіппен орналасқан шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар темір жол өтпелерін белгілеу үшін темір жолдың әр жағынан А,26 белгілеуі пайдаланылады;
b) басқа темір жол өтпелерін белгілеу үшін А,27(а) және А,27(b) екі үлгісі бар А,27 белгілеуі пайдаланылады;
с) трамвай желісінің қиылысына жақындағаны туралы ескерту үшін және бұл қиылыс Конвенцияның 1-бабындағы анықтамаға сәйкес темір жол өтпесі болып табылмайтын жағдайда, А,28 белгілеуі пайдаланылуы мүмкін.
Ескертпе: Оларда темір жол қозғалысы өте төмен жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын қажетті сигналдарды қолмен көрсететін, теміржол көлігі құралдарына ілесіп жүретін адам реттейтін автомобиль жолдары мен темір жолдардың қиылысына жақындағаны туралы ескерту қажет деп табылса, 1-қосымшаның В бөлімінде сипатталған А,20 белгісі пайдаланылады.
В бөлімі. Темір жол өтпелеріне тікелей жақын орнатылатын белгілер
Осы конвенцияның 35-бабының 2-тармағында айтылған В,7 белгісінің В,7(а), В,7(b) және В,7(с) деген үш үлгісі бар.
В,7(а) және В,7(b) үлгілерінің қызыл немесе қара жиекті ақ немесе сары фоны болады; В,7(с) үлгісінің қара жиекті ақ немесе сары фоны болады, В,7(с) үлгісіндегі жазулар қара әріптермен жазылады, егер жолдың кем дегенде екі ізі болса, онда В,7(b) үлгісі пайдаланылады; В,7(с) белгісін пайдалануда қосымша табличка тек жолдың кем дегенде екі ізі бар болғанда қолданылады және бұл жағдайда олардың саны көрсетіледі.
Крестің қалыпты ұзындығы 1,2 м (4 фут) болуы тиіс. Жеткілікті кеңістік болмаған жағдайда белгі оның ұштары жоғары және төмен бағытталып бейнеленуі мүмкін.
С бөлімі. Темір жол өтпелеріне жақын орнатылатын қосымша белгілер
35-баптың 3-тармағында аталған қалқандар А,29(а), А,29(b) және А,29(с) белгілері болып табылады.
Жолақтардың көлбеуі жүріс бөлігіне қаратылады.
А,29(b) және А,29(с) белгілерінің үстіне А,29(а) белгісінің үстінде орнатылатындай, темір жол өтпелеріне жақындағаны туралы ескертетін белгі қойылуы керек.
Жолдан өтудің басымдылық құқығына, аялдауға және тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер
Ескертпе: Жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілерге қатысты 2-қосымшаны қараңыз; аялдауға және тұруға қатысты 6-қосымшаны қараңыз.
А бөлімі. Тыйым салатын немесе шектейтін белгілер
1. Белгілер мен белгілеулердің сипаттамалары
а) Тыйым салатын және шектейтін белгілер дөңгелек болуы тиіс; олардың диаметрі елді мекендерден тыс жерлерде 0,6 м (2 фут) және елді мекендерде 0,4 м (16 дюйм) болуы тиіс.
b) Белгілерді сипаттауға байланысты төменде көрсетілген шегінулерді қоспағанда, тыйым салатын және шектейтін белгілер ақ немесе сары фонда қызыл жиекті болуы тиіс, ал егер белгілеулер болатын болса, онда олар жазбалар сияқты қара немесе көк түсті болуы тиіс; көлбеу жолақтар болса, онда олар қызыл түсті және белгіні солдан оңға төмен қарай кесіп өтуі тиіс.
2. Белгілердің сипаттамасы
а) Қозғалысқа тыйым салу және шектеу
і) Кез келген көлік құралдарының кіруіне тыйым салуды көрсету үшін «Кіруге тыйым салынады» С,1 белгісі пайдаланылады. Бұл белгінің С,1(а) және С,1(b) екі үлгісі бар.
іі) қос бағыттағы көлік құралдарының барлық қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін «Екі батыттағы қозғалысқа да тыйым салынады» С,2 белгісі пайдаланылады.
ііі) Көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың кейбір санаттарының ғана қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін оның белгілеуі олардың қозғалысына тыйым салынған көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың сұлбасынан тұратын белгі пайдаланылады. Көрсетілген С,3(а), С,3(b), С,3(с), С,3(d), С,3(е), С,3(f), С,3(g), С,3(h), С (j) және С,3(k) белгілерінің мынадай мәндері болады:
С,3(а): «Коляскасыз екі дөңгелекті мотоциклдерді қоспағанда, барлық механикалық құралдардың қозғалысына тыйым салынады»;
С,3(b): «Мотоциклдік қозғалысқа тыйым салынады»;
С,3(с): «Велосипедтік қозғалысқа тыйым салынады»;
С,3(d): «Аспалы двигателі бар велосипедтердің қозғалысына тыйым салынады»;
С,3(е): «Жүк қозғалысына тыйым салынады»;
Тонна санын көлік құралы сұлбасында ақшыл түспен не болмаса Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес С,3(е) белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада көрсету көлік құралының немесе көлік құралы құрамының рұқсат етілген ең жоғары салмағы көрсетілген саннан асып кеткен жағдайда ғана қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді.
С,3 (f) «Жартылай немесе бір осьті тіркемеден басқа тіркемені сүйреткен кез-келген механикалық көлік құралының қозғалысына тыйым салынады»
Тонна санын көлік құралы сұлбасында ақшыл түспен не болмаса Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес С,3(f) белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада көрсету тіркеменің рұқсат етілген ең жоғары салмағы көрсетілген саннан асып кеткен жағдайда ғана қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді.
Уағдаласушы Тараптар оны мақсатты деп есептеген жағдайларда жүк автомобилінің артқы бөлігінің сұлбасын жеңіл автомобильдің артқы бөлігінің сұлбасымен, ал тіркеменің сұлбасын (ол бейнеленген түрде) оны осындай автомобильге тіркеуге болатын тіркеменің сұлбасымен алмастыра алады.
С,3(g): «Жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады»
С,3(h): «Көлік-арба қозғалысына тыйым салынады»
С,3(і): «Қол арбалардың қозғалысына тыйым салынады»
С,3(k): «Өздері жүретін ауыл шаруашылық көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады»
Ескертпе: Уағдаласушы Тараптар С,3(а)-С,3(к) белгілерінде сол жақтағы жоғарғы квадратты оң жақтағы төменгі квадратпен қосатын қызыл көлбеу жолақтарды жүргізбеу немесе ол белгілеудің көрінуін немесе түсінігін нашарлатпайтын болса, жолақты осы белгілеудің деңгейінде үзбеу туралы шешім қабылдай алады.
iv) Көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың кейбір санаттарының қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін қанша тыйым салу санаттары бар, сонша тыйым салу белгілерін, не болмаса олардың қозғалысына тыйым салынған әр түрлі көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың сұлбалары бейнеленген тыйым салу белгісін пайдалануға болады. Төменде берілген «Механикалық көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады» С,4(а) және «Механикалық көлік құралдарының және көлік-арба қозғалысына тыйым салынады» С,4(b) белгілері осындай белгінің үлгісі болып табылады.
Елді мекендерден тыс жерлерде екеуден көп сұлбалары бар белгілерді, ал елді мекендерде үшеуден көп сұлбалары бар белгілерді орнатуға болмайды.
v) Салмағы немесе көлемі белгіленген шектен асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
С,5: «Көлемдік ені... метрден (... футтан) асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады»;
С,6: «Көлемдік биіктігі ... метрден (... футтан) асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады»;
С,7: «Салмағы жүгімен қоса алғанда, ... тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады»;
С,8: «Осіне түсетін салмағы ... тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады»;
С,9: «Ұзындығы ... метрден (... футтан) асатын көлік құралдарының немесе көлік құралдары құрамасынының қозғалысына тыйым салынады».
vi) Көлік құралдарының олардың арасындағы белгіде көрсетілген ара қашықтықты сақтамай қозғалуына тыйым салынатынын көрсету үшін «Кемінде ... метр (..ярд) ара қашықтықты сақтамай қозғалуға тыйым салынады» С,10 белгісі пайдаланылады.
b) Бұрылуға тыйым салынады
Бұрылуға (нұсқардың бағытына байланысты оңға немесе солға) тыйым салуды көрсету үшін «Солға бұрылуға тыйым салынады» С,11(а) белгісі немесе «Оңға бұрылуға тыйым салынады» С,11(b) белгісі пайдаланылады.
с) Айналыс жасауға тыйым салынады
Айналыс жасауға тыйым салуды көрсету үшін «Айналыс жасауға тыйым салынады» С,12 белгісі пайдаланылады.
d) Басып озуға тыйым салынады
і) Қолданыстағы ережелермен көзделген, басып озуға қатысты жалпы ұйғарымдардан басқа, аспалы двигателі бар екі дөңгелекті велосипедтер мен коляскасы жоқ екі дөңгелекті мотоциклдерді қоспағанда, жолмен қозғалатын барлық механикалық көлік құралдарына басып озуға тыйым салуды көрсету үшін «Басып озуға тыйым салынады» С,13(а) белгісі пайдаланылады.
Осы белгінің екі үлгісі бар: С,13 (аа) және С,13 (а).
іі) Олардың рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан (7 700 фунттан) асатын жүк көлік құралдарына басып озуға тыйым салуды көрсету үшін «Жүк көлік құралына басып озуға тыйым салынады» С,13(b) белгісі пайдаланылады. Осы белгінің екі үлгісі бар: С,13(bа) және С,13(bb).
Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес белгінің астында орналасқан қосымша табличкада көлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағын өзгерту туралы нұсқау орналастырылуы мүмкін, одан асқан кезде тыйым салу белгісі қолданылады.
ііі) Сол жақты қозғалыс кезінде С,13(аа) және С,13(bа) белгілеріндегі автомобильдердің түстерін тиісінше өзгерту керек.
с) Жылдамдықты шектеу
Жылдамдықты шектеуді көрсету үшін «Көрсетілген санмен шектелетін ең жоғары жылдамдық» С,14 белгісі пайдаланылады. Белгіде берілген сан көлік құралына жылдамлықты көрсету үшін осы мемлекетте жиі пайдаланылатын өлшем бірлігімен ең жоғары жылдамдықты көрсетеді. Жылдамдықты білдіретін саннан кейін немесе төмен мысалы, «км» (километр) немесе «миль» белгісі қосымша берілуі мүмкін.
Олардың рұқсат етілген ең жоғары салмағы белгіленген саннан асатын көлік құралдарына қолданылатын жылдамдықты шектеуді көрсету үшін осы сан көрсетілген жазба Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес белгінің астындағы қосымша табличкаға орналастырылады.
f) Дыбыстық сигналдарды беруге тыйым салу
Дыбыстық сигналдар беруге тыйым салуды көрсету үшін жол-көлік оқиғаларын болдырмауға қажет жағдайларды қоспағанда, «Дыбыстық сигналдар беруге тыйым салынады» С,15 белгісі пайдаланылады. Егер бұл белгі елді мекенге кірер жерде елді мекен атауының көрсеткішімен қатар немесе осы белгіден кейін орнатылмаған болса, ол 7-қосымшада сипатталған 2-үлгідегі тыйым салынатын қашықтық көрсетілген табличкамен толықтырылуы тиіс. Егер тыйым салу барлық елді мекендерге таратылатын болса, бұл белгіні елді мекенге кірер жерде орнатпау және елді мекенге кірер жерге елді мекен атауының көрсеткіші жол пайдаланушыларға осы жерден бастап елді мекендерде осы аумақ қолданысындағы жол ережесі қолданылатындығын ескеру қажеттігін ұсынады.
g) Аялдаусыз өтуге тыйым салынады
Аялдау міндетті болатын кеденнің жақындығын көрсету үшін «Аялдаусыз өтуге тыйым салынады» С,16 белгісі пайдаланылады. Конвенцияның 8-бабының ережесінен шегіне отырып, бұл белгіде «кеден» сөзі белгіленген, әрі оны екі тілде көрсеткен жөн; С,16 белгісін пайдаланатын Уағдаласушы Тараптар бұл сөздің барлық орнатылатын белгілерде бір тілде белгіленуіне өңірлік деңгейде қол жеткізуі тиіс.
Бұл белгі аялдаусыз өтуге тыйым салудың басқа да жағдайларында пайдаланылуы мүмкін; бұл кезде «кеден» сөзі аялдау себебін көрсететін өте қысқа жазбамен алмастырылады.
h) Тыйым салулардың немесе шектеулерді4 аяқталғандығын білдіретін белгілер
і) қозғалып келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілерінің назарына жеткізілетін барлық тыйым салулардың аяқталу орнын көрсету үшін «Қозғалып келе жатқан көлік құралдарына қатысты жергілікті сипаттағы барлық тыйым салулардың аяқталуы» С,17(а) белгісі пайдаланылады. Бұл белгі бордюрсыз, ақ немесе сары түсті, қара жиекті дөңгелек болуы және оң жақ жоғарыдан солға қарай төмен бағытталған қара диагональды жолағы бар болуы немесе қара сұр түсті немесе қара немесе сұр параллель сызықтарынан тұруы тиіс.
іі) тыйым салу немесе шектеу белгілері арқылы қозғалып келе жатқан көлік құралы жүргізушілерінің назарына жеткізілген тыйым салу немесе шектеу белгісі әрекетінің аяқталатынын көрсету үшін «Жылдамдықты шектеу аяқталады» С,17(b) немесе «Басып озуға тыйым салудың аяқталуы» С,17(с) белгілері пайдаланылады. Бұл белгілер С,17(а) белгілеріне ұқсас, бірақ оларға қосымша оның әрекеті тоқтатылатын тыйым салу немесе шектеу белгілерінің ашық сұр түсті белгілері енгізіледі.
Осы h тармақшасында көрсетілген Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, белгілер қарсы бағытта келе жатқан көліктерге арналған тыйым салу немесе шектеу белгілерінің артқы жағында орнатылуы мүмкін.
В бөлімі. Алдын ала жазылатын белгілер
1. Белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамасы
а) Алдын ала жазылатын белгілер дөңгелек болуы тиіс; елді мекендерден тыс жерлерде олардың диаметрі кемінде 0,6 м (2 фут) және елді мекендерде кемінде 0,4 м (16 дюйм) болуы тиіс. Алайда диаметрі 0,3 метрден (12 дюймнан) кем болмайтын белгілер жарық және сигналдарымен бірге пайдаланылуы немесе қауіпсіздік аралдарында тумбаларда орнатылуы мүмкін.