Жол белгілері және сигналдары туралы конвенция (Вена, 1968 жылғы 8 қарашада)

Предыдущая страница

b) Өзге нұсқаулар болмаған кезде бұл белгілер көгілдір түсті болуы тиіс, ал таңбалар ақ немесе ақшыл түсті немесе ықтимал нұсқа ретінде, белгілер қызыл жиекті ақшыл түсті, ал белгілеулер қара түсті болуы тиіс.

2. Белгілердің сипаттамасы

а) Міндетті бағыт

Көлік құралдары осы бағытта немесе тек белгілі бағыттарда ғана қозғалуы тиіс екендігін көрсету үшін «Міндетті бағыт» D,1 белгісінің D,1(а) үлгісі пайдаланылады, онда нұсқар немесе нұсқарлар тиісті бағытқа немесе тиісті бағыттарға бағытталады. Алайда осы бөлімнің 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып D,1(а) белгісінің орнына D,1(b) белгісі пайдаланылуы мүмкін. D,1(b) белгісі ақ жиегі бар қара түсті болады және оның ақ түсті белгілеуі болуы тиіс.

b) Кедергіні міндетті түрде айналып өту

Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, қауіпсіздік аралында немесе жолдағы қандайда бір кедергінің алдында орнатылған «Кедергіні міндетті түрде айналып өту» D,2 белгісі қауіпсіздік аралын немесе нұсқармен көрсетілген жақтағы кедергіні көлік құралының міндетті түрде айналып өтуін көрсетеді.

с) Міндетті айналма қозғалыс

«Міндетті айналма қозғалыс» D,3 белгісі жүргізушілерге олардың айналма қозғалысқа қатысты ережелерді сақтауы тиіс екендігін көрсетеді.

Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлар қарама-қарсы жаққа бағытталуы тиіс.

d) Міндетті велосипед жолы

«Міндетті велосипед жолы» D,4 белгісі велосипедшілерге олардың велосипед жолын пайдалануға міндетті екенін көрсетеді және басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне олардың осы жолды пайдалануға құқығы жоқ екенін көрсетеді. Алайда, егер ол Ұлттық заңнамада көзделетін немесе онда жазба немесе С,3(d) белгісінің белгілеуі қосымша табличкада ұйғарылатын болса, аспалы двигательдері бар велосипедтердің жүргізушілері де осы жолды пайдалануға міндетті.

е) Жаяу жүргіншілер үшін міндетті жол

«Жаяу жүргіншілер үшін міндетті жол» D,5 белгісі жүргіншілерге олардың белгі орнатылған жолды пайдалануы міндетті екенін көрсетеді және басқа жолды пайдаланушыларға олардың осы жолды пайдалану құқығы жоқ екендігін көрсетеді.

f) Аттылар үшін міндетті жол

Жол басында орнатылған «Аттылар үшін міндетті жол» D,6 белгісі аттылардың осы жолды пайдалануға міндетті екенін және басқа жолды пайдаланушыларға олардың осы жолды пайдалану құқығы жоқ екенін көрсетеді.

g) Міндетті ең төмен жылдамдық

Жол басында орнатылған «Міндетті ең төмен жылдамдық» D,7 белгісі жолда келе жатқан көлік құралына оның көрсетілген жылдамдық шегінде қозғалуы керек екендігін көрсетеді; белгіде берілген сан көлік құралдарының жылдамдығын көрсету үшін осы мемлекетте жиі пайдаланылатын өлшем бірлігі арқылы осы жылдамдықты көрсетеді. Жылдамдықты білдіретін саннан кейін, мысалы «км» (километр) немесе «миль» белгілеулері қосылуы мүмкін.

h) Міндетті ең төмен жылдамдықтың аяқталуы

«Міндетті ең төмен жылдамдықтың аяқталуы» D,8 белгісі D,7 белгісінде ұйғарылған міндетті ең төмен жылдамдық әрекетінің аяқталатынын көрсетеді. D,8 белгісі D,7 белгісімен бірдей, бірақ ол оң жақ жоғарыдан төмен солға қарай өтетін көлбеу қызыл жолақтармен сызылады.

і) Тайғанауға қарсы шынжыры болуы міндетті

Жол басында «Тайғанауға қарсы шынжыры болуы міндетті» D,9 белгісі орнатылған жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралының кемінде екі жетекші дөңгелегінде тайғанауға қарсы шынжырлары болуы міндетті екендігін көрсетеді.

 

5-қосымша 

Аялдауға қатысты белгілерді қоспағанда, нұсқау белгілері

 

Ескертпе: Аялдауға қатысты нұсқау белгілеріне байланысты 6-қосымшаны қараңыз.

А-Ғ бөлімдеріндегі белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамалары (G бөліміндегі белгілер мен белгілеулердің сипаттамаларына қатысты осы бөлімді қараңыз)

1. Нұсқау белгілерінің нысаны, әдетте, тікбұрышты болады; алайда бағыт көрсеткіштері бір қабырғасы көлденең орналасқан тікбұрыштың нұсқарымен аяқталатын ұзынша нысанды болуы мүмкін.

2. Нұсқау белгілерінде қара фонға ақ немесе ақшыл белгілеулер немесе жазбалар немесе ақ немесе ақшыл фонға қара белгілеулер немесе жазбалар түсірілуі мүмкін; қызыл түс ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкін, бірақ ешқашан басым болмауы тиіс.

 

А бөлімі. Бағыттарды алдын ала көрсететін белгілер

 

1. Жалпы жағдай

Бағыттарды алдын ала көрсететін белгілердің үлгілері: Е,1(а); Е,1(b) және Е,1(с)

2. Ерекше жағдайлар

а) Тұйыққа тірелетін жолдың бағыттарын алдын ала көрсеткіштер: Е,2(а) және Е,2 (b)

b) егер келесі қиылыста солға бұрылуға тыйым салынған болса, солға бұрылу үшін ол бойынша жүруге тиісті бағдарларға арналған бағыттардың алдын ала көрсеткіштерінің үлгісі: Е,3

с) бірнеше қозғалыс жолағы бар жолдың қиылысында қатарларға алдын ала ауысу белгісінің үлгісі: Е,4.

 

В бөлімі. Бағыттардың көрсеткіштері

 

1. Елді мекен бағытын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,5(а), Е,5(b), Е,5(с) және Е,5(d).

2. Әуежай бағытын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,6(а), Е,6(b) және Е,6(с).

3. Е,7 белгісі автотуристер лагерінің бағытын көрсетеді.

4. Е,8 белгісі жастардың туристік базасының бағытын көрсетеді.

 

С бөлімі. Атаулардың көрсеткіштері

 

Осы белгіні құрайтын тікбұрыштың ұзын қабырғасы көлденең орналасады.

1.Елді мекеннің басталуын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,9(а) және Е,9(b).

2. Елді мекеннің аяқталуын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,9(с) және Е,9(d).

Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, бұл белгілер елді мекендер атаулары көрсеткіштерінің артқы жағында орналастырылуы мүмкін.

 

D бөлімі. Растайтын белгілер

 

E,10 белгісі растайтын белгінің үлгісі болып табылады.

Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, бұл белгі қарсы бағытта қозғалып келе жатқан көлік құралдарына арналған басқа белгінің артқы жағында орналастырылуы мүмкін.

 

Е бөлімі. Жаяу жүргінші өтпесі

 

«Жаяу жүргінші өтпесі» Е,11(а) жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жаяу жүргінші өтпесі бар жерлерді көрсету үшін пайдаланылады.

Қара немесе көк белгілеуі бар ақ немесе сары түсті үшбұрышты көгілдір немесе қара түсті қалқан; А,11 таңбасы пайдаланылады.

Сондай-ақ көгілдір фоны мен ақ белгілеулері бар қисық бесбұрышты нысаны бар Е,11(b) белгісін пайдалануға болады.

 

Ғ бөлімі. Көлік құралдарының жүргізушілеріне пайдалы нұсқаулар беретін басқа да белгілер

 

Бұл белгілердің көгілдір фоны болуы тиіс.

1. «Аурухана» белгісі

Бұл белгі көлік құралдарының жүргізушілеріне емдеу мекемелерінің жақын болуына, оның ішінде шудың болуынан сақтану қажеттілігіне байланысты сақтық шараларын қабылдауды көрсету үшін пайдаланылады. Бұл белгінің екі үлгісі бар: Е,12(а) және Е,12(b).

Е,12(b) белгісінде бейнеленген қызыл крест G бөлімінің 2-тармағының а тармақшасында көрсетілген белгілеулердің бірімен алмастырылуы мүмкін.

2. «Біржақты қозғалыс жолы» белгісі

Бір жақты қозғалысы бар жолда келе жатқандықтарын растау қажет деп табылған жағдайда «Біржақты қозғалыс жолы» деген екі түрлі белгі орнатылуы мүмкін.

а) жолдың жүріс бөлігінің осіне барынша немесе кемінде перпендикуляр орнатылған Е,13(а) белгісі; белгінің қалқаны шаршы түрінде болуы тиіс.

b) жүріс бөлігінің осіне параллель орналасқан Е,13(b) белгісі; белгінің қалқаны ұзарған тікбұрышты болады, оның ұзын қабырғасы көлденең орналасады. Е,13(b) белгісінің нұсқарында ұлттық тілде немесе мемлекеттің ұлттық тілдерінің бірінде «біржақты қозғалыс» деген сөз жазылуы мүмкін.

Е,13(а) және Е,13(b) белгілері көшеге кірерге дейін тыйым салатын немесе алдын ала жазылатын белгілердің орнатылған-орнатылмағандығына қарамастан орнатылады.

3. «Тұйыққа апаратын жол»

Жолға шығар жерде орналасқан «Жол тұйыққа тіреледі» Е,14 белгісі жолдың тұйыққа әкелетінін көрсетеді.

4. Автомагистральға немесе автомагистральдан шығу туралы ескертетін белгілер

«Автомагистраль» Е,15 белгісі автомагистраль бойынша қозғалыстың арнайы ережесі қолданылатын жерге орнатылады. «Автомагистральдің аяқталуы» Е,16 белгісі көрсетілген ережелердің қолданылуы тоқтатылатын жерлерге орнатылуы тиіс.

Е,16 белгісі автомагистральдің аяқталуына жақындағаны туралы ескерту үшін пайдалануға және қайталауға болады; осындай түрде орналастырылған әрбір белгінің астыңғы бөлігінде белгі мен автомагистральдің аяқталуы арасындағы ара-қашықтықты көрсетеді.

5. Автомагистральға қолданылатын қозғалыс ережесі күшінде болатын жолға шығу туралы және осындай жолдан шығу туралы ескерту белгілері

«Автомобиль жолы» Е,17 белгісі автомагистральдан өзге автомобиль қозғалысына арналған және жол бойындағы иеліктерді қамтымайтын жолдардағы қозғалыстың арнайы ережесі қолданылуы басталатын жерге орнатылады. Е,17 белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада ережеден ауытқып, жол бойындағы иеліктерге кіруге рұқсат етілетіндігі көрсетілуі мүмкін.

«Автомобиль жолының аяқталуы» Е,18 белгісі автомобиль жолының соңына жақындағаны туралы ескерту үшін пайдалануға және қайталауға болады.

6. Автобус немесе трамвай аялдауын білдіретін белгілер

«Автобус аялдамасы» Е,19 және «Трамвай аялдамасы» Е,20 белгілері.

7. «Жолды пайдалану мүмкіндігі» белгісі

«Жолды пайдалану мүмкіндігі» Е,21 белгісі тау жолы, оның ішінде ашық немесе жабық асу арқылы өтетіндігін көрсету үшін орнатылады; ол осы өткелге апаратын жолға түсер жерде немесе жолда орнатылады.

Өткелдің атауы (асу) ақ әріптермен жазылады. Белгідегі «FURKA» деген атау үлгі ретінде берілген.

1, 2 және 3 табличкалары алмалы-салмалы болып табылады.

Егер өткел жабық болса, «жабық» деген жазуы бар қызыл түсті 1-табличка қолданылады, егер өткел ашық болса, «ашық» деген жазуы бар жасыл түсті табличка қолданылады. Жазулар ақ сырмен және бірнеше тілде жазылады.

2 және 3-табличкалардың жазулары мен қара түсті белгілеулері бар ақ фоны болады.

Егер өткел ашық болса, онда 3-табличкада ешқандай нұсқау болмайды, ал 2-табличкада жолдың ара-қашықтығына байланысты, ешқандай нұсқау болмайды, не «Тайғанауға қарсы шынжырдың болуы міндетті» D,9 белгісі бейнеленеді, не «Тайғанауға қарсы шынжырды немесе қысқы шиналарды қолдану ұсынылады» Е,22 белгісі бар болса, бұл белгі қара түсті болуы тиіс.

Егер өткел жабық болса, онда 3-табличкада оған дейінгі жолы ашық елді мекеннің атауы көрсетіледі, ал 2-табличкада жолдың жай-күйіне байланысты не «дейін ашық» деген жазу, не Е,22 белгілеуі не D,9 белгісі беріледі.

 

G бөлімі. Жолды пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін объектілерді білдіретін белгілер

 

1. Бөлімдегі белгілер мен белгілеулердің сипаттамалары

а) F белгілерінің көгілдір немесе жасыл фоны болуы тиіс;

оларда таңбалар түсірілетін ақ немесе сары тік төртбұрыш бейнеленуі тиіс.

b) Белгінің төменгі бөлігіндегі көгілдір немесе жасыл жолақта белгіленген жерге дейінгі немесе оған апаратын жолға шыққанға дейінгі қашықтық ақ санмен көрсетілуі тиіс; Ғ,5 таңбалы белгіде осындай тәсілмен «қонақ үй» немесе «мотель» деген жазу берілуі мүмкін. Сондай-ақ белгілер белгіленген жерге апаратын жолға шығар жерге орнатылуы мүмкін, бұл жағдайда белгінің төменгі жағындағы көгілдір немесе жасыл жолақта бағыттаушы ақ нұсқар салынуы мүмкін. Қызыл түсті болуы тиіс Ғ,1(а), Ғ,1(b) және Ғ,1(с) таңбаларын қоспағанда таңба қара немесе қою көк түсті болуы тиіс.

2. Белгілеулердің сипаттамасы

а) «Медициналық көмек көрсету пункті» белгілеуі

Медициналық көмек көрсету пункттерін көрсету үшін тиісті мемлекеттерде қолданылатын белгілеулер пайдаланылады. Бұл белгілеулер қызыл түсті болуы тиіс. Ғ,1(а), Ғ,1(b) және Ғ,1(с) белгілері осы белгілердің үлгілері болып табылады.

b) Өзге де таңбалар

F,2: «Техникалық қызмет көрсету пункті»

F,3: «Телефон»

F,4: «Автожанар-жағар май құю станциясы»

Ғ,5: «Қонақ үй немесе мотель»

Ғ,6: «Мейрамхана»

Ғ,7: «Буфет немесе кафетерий»

F,8: «Сейілге арналған учаске»

Ғ,9: «Жаяу жүргіншілер маршруттарының бастапқы пунктеріне арналған учаске»

Ғ,10: «Автотуристер лагері (кемпинг)»

Ғ,11: «Кемпинг үшін тіркемелердің тұрақ орны»

F,12: «Автотуристер лагеріне арналған учаске және кемпинг үшін тіркемелердің тұрақ орны»

Ғ,13: «Жастардың туристік базасы»

 

6-қосымша

Аялдауға және тұруға қатысты белгілер

 

А бөлімі. Аялдауға немесе тұруға тыйым салатын немесе шектейтін белгілер

 

Белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамасы

 

Бұл белгілер дөңгелек болуы тиіс; елді мекендерден тыс жерлерде олардың диаметрі 0,6 метрден (2 футтан және елді мекендерде 0,25 метрден (10 дюймнан) кем болмауы тиіс. Осы қосымшада өзге нұсқаулар болмаған жағдайда олардың фоны көгілдір, жиегі мен көлбеу жолақтары қызыл болуы тиіс.

 

Белгілердің сипаттамалары

 

1. а) Тұруға тыйым салынған жерлерді көрсету үшін «Тұруға тыйым салынады» С,18 белгісі, ал аялдау мен тұруға тыйым салынатын жерде «Аялдау мен тұруға тыйым салынады» С,19 белгісі пайдаланылады.

b) С,18 белгісі қызыл жиекті дөңгелек белгімен және қызыл көлденең жолақтармен алмастырылуы мүмкін, онда ақ немесе сары фонда қара бояумен Р әрпі немесе осы мемлекетте «тұрақты» белгілеу үшін қолданылатын идеограмма бейнеленеді.

с) Белгінің астында орналасқан қосымша табличкадағы жазбалар тыйым салуды шектеуі және жағдайларға байланысты:

і) тыйым салу күшінде болатын аптаның немесе айдың күндерін немесе күндізгі уақытты;

іі) С,18 белгісімен аялдауға тыйым салынатын уақытты немесе С,19 белгісімен аялдауға және тұруға тыйым салынатын уақытты;

ііі) кейбір жолды пайдаланушыларға қатысты ерекше жағдайларды көрсетуі мүмкін.

d) олардан асуға тыйым салынатын тұру немесе аялдаудың ұзақтығына қатысты жазбалар қосымшада табличкада емес, белгінің қызыл шеңберінің төменгі бөлігінде орналастырылуы мүмкін.

2. а) Егер аялдау жолдың біресе бір жағында, біресе екінші жағында рұқсат етілген болса, онда С,18 белгісінің орнына «Кезектескен тұрақ» С,20(а) немесе С,20(b) белгілері пайдаланылады.

b) Тұруға тыйым салу С,20(а) белгісі тарапынан тақ сан күндері және С,20(b) белгісі тарапынан жұп сан күндері, әрі тараптарды ауыстыру сағаты Ұлттық заңнамамен белгіленеді және ол түн ортасы болуы шарт емес. Сондай-ақ Ұлттық заңнама күнделіктіден басқа, тұрудың кезектесу мерзімділігін белгілейді; бұл жағдайда белгідегі І және II сандары кезектесу кезеңдерін керсететін уақытпен алмастырылады, мысалы әр айдың 1-нен және 16 күндерін кезектестіру үшін 1-15 және 16-31 күндері алынады.

с) Конвенцияның 8-бабы 4-тармағының ережесіне сәйкес қосымша жазбалары бар С,18 белгісі С,19, С,20(а) және С,20(b) белгілерін қабылдамаған мемлекеттерде қолданылуы мүмкін.

3. а) Ерекше жағдайларды қоспағанда, белгілер олардың дискілері жолдың осіне перпендикуляр немесе осы оське перпендикуляр жазықтыққа қатысты сәл көлбеу болып орналастырылады.

b) Тұруға қатысты барлық тыйым салулар мен шектеулер жолдың тек белгі орнатылған жағында қолданылады.

с) Өзге нұсқаулар болмаған кезде мыналар берілуі мүмкін:

- оның шегінде тыйым салу қолданылатын қашықтық көрсетілетін,7-қосымшаның 2-үлгісіне сәйкес қосымша табличкада;

- осы тармақтың в тармақшасындағы ұйғарымдарға сәйкес тыйым салу белгіден бастап жолға шығатын жақын жерге дейін қолданылады.

d) Тыйым салу бастап қолданылатын жерге орнатылған белгінің астында 7-қосымшада аталған 3(а) немесе 4(а) үлгілеріне сәйкес келетін қосымша табличка орналастырылуы мүмкін. Тыйым салуды қайталайтын белгілердің астында 7-қосымшада аталған 3(b) немесе 4(b) үлгілеріне сәйкес келетін қосымша табличка орналасуы мүмкін. Тыйым салу тоқтатылатын жерде 7-қосымшада аталған 3(с) немесе 4(с) үлгілеріне сәйкес келетін қосымша табличкада тағы бір тыйым салатын белгі орналасуы мүмкін. 3-үлгідегі табличка жолдың осіне параллель, ал 4-үлгідегі табличка осы оське перпендикуляр орналасады. Егер 3-үлгідегі табличкада қашықтық берілсе, олар нұсқармен көрсетілген тыйым салынатын бағыттағы қашықтықты білдіреді.

е) Егер тыйым салу жолға шыққанға дейін тоқтатылатын болса, онда қосымша табличкада жоғарыда d тармақшасында сипатталған тыйым салудың аяқталғандығын көрсететін белгі орнатылады. Алайда тыйым салу тек қысқа қашықтыққа қолданылатын болса, бір ғана белгі орнатылуы мүмкін, ол:

- оның шегінде тыйым салу қолданылатын қашықтықты көрсете отырып, қызыл түсті шеңберден,

- не болмаса 3-үлгідегі қосымша табличкадан тұрады.

f) 1 Паркометрлермен жабдықталған жерлерде, осы паркометрлердің бар болуы тұрақтың ақылы екендігін және оның ұзақтығы минуттық тетіктердің жұмыс уақытымен шектелетіндігін білдіреді.

g) Шектеулі, бірақ ақылы емес тұрақтар аймағында тұрақты шектеу қосымша табличкасы бар С,18 белгісімен емес, жол бойындағы жарық бағандарында, ағаштарда және т.б. шамамен 2 м биіктікте орналасқан көк жолақпен немесе жүріс бөлігінің бордюрінде жолақтармен белгіленеді.

4. Оның ақылы немесе тегін екендігіне қарамастан, елді мекендерде онда тұру ұзақтығы шектелген аймаққа кіру орнын көрсету үшін «Тұрудың шектелген аймағы» С,21 белгісі қойылады. С,18 белгісі орналастырылатын осы белгінің фоны ашық болуы тиіс. С,18 белгісі Е,23 белгісімен алмастырылуы мүмкін; бұл жағдайда белгінің фоны көгілдір болады.

Табличканың төменгі белігінде қосымша тұрақтық диск немесе аймақтағы тұрақты шектеу шарттарын көрсету үшін паркометр бейнеленуі мүмкін.

Тиісті жағдайларда белгінің өзінде немесе С,21 белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада шектеу күшінде болатын күндер мен сағаттар және шектеу шарттары көрсетіледі.

 

В бөлімі. Тұруға қатысты пайдалы нұсқаулар беретін белгілер

 

1.«Тұрақ орны» белгісі

Жолдың осіне параллель орнатылуы мүмкін «Тұрақ орны» Е,23 белгісі көлік құралдарының тұрағына рұқсат етілген орынды көрсетеді. Қалқан нысаны шаршы түрінде болады. Оған тиісті мемлекетте тұрақты көрсету үшін қолданылатын әріптер немесе идеограмма жазылады. Бұл белгінің көгілдір фоны болады.

Белгінің астында орналасқан қосымша табличкада немесе белгінің өзінде тұрақ орнына баратын бағытты немесе осы орын арналған көлік құралдарының санаттарын көрсететін таңбалар мен жазбалар болады; бұл жазбалар рұқсат етілген тұрақтың ұзақтығын шектеуі мүмкін.

2. Шектелген тұрақ аймағынан шығу жолын көрсететін белгі       

Елді мекендерде онда тұру ұзақтығы шектелген аймақтан шығу және оған С,18 белгісі енгізілген С,21 белгісімен белгіленген тұраққа кіру жолдарын көрсету үшін Е,24 белгісі пайдаланылады; бұл белгі ақшыл-сұр түсті С,18 белгісі және диагональді қара немесе қара-сұр түсті жолақтан, не болмаса сұр немесе осындай жолақтар құрайтын қара параллель сызықтар енгізілген ақшыл шаршыдан тұрады. Егер аймаққа кірер жерге Е,23 белгілері енгізілген С,21 белгілері орнатылса, шығатын жер диагональді қара немесе қара-сұр түсті жолақтар, не болмаса сұр немесе осындай жолақтар құрайтын қара параллель сызықтар және ақшыл фондағы тұрақ дискісі бар табличкамен белгіленуі мүмкін.

 

7-қосымша

Қосымша табличкалар

 

1. Бұл табличкалардың ақ немесе сары фоны және қара, көк немесе қызыл жиегі болады, ал ара қашықтығы немесе ұзындығы бұл жағдайда қара немесе көк сандармен белгіленеді немесе табличкалардың кара немесе көк және ақ фоны, сары немесе қызыл жиегі болады да, ара қашықтығы немесе ұзындығы ақ немесе сары сандармен белгіленеді.

2. а) 1-үлгідегі қосымша табличкалар белгі мен ереже қолданылатын қауіпті учаскенің немесе аймақтың басталуы арасындағы ара қашықтықты көрсетеді.

b) 2-үлгідегі қосымша табличкалар нұсқама қолданылатын қауіпті учаскенің ұзындығын көрсетеді.

с) Қосымша табличкалар белгілердің астында орналасады. Бірақ А(b) үлгісінің қосымша табличкалар үшін қарастырылған ескерту белгілері де белгілердің астыңғы бөлігіне орналасуы мүмкін.

3. 3(а), 3(b), 3(с), 4(а), 4(b) және 4(с) үлгілерінің тиісті табличкалары (6-қосымшаның А бөлімінің 3-тармағына қараңыз) 3 және 4-үлгілердің тұраққа тыйым салатын немесе шектейтін қосымша табличкалары болып табылады.

 

8-қосымша

Жол белгілері

 

І тарау. Жалпы ережелер

 

1. Жолдың жүріс бөлігіндегі таңбалар (жол таңбалары) сырғанамайтын материалдарды қолдана отырып жасалуы және жолдың деңгейінен 6 мм-ден аспауы тиіс. Егер жол таңбалары үшін кнопкалар (сыналар) немесе осыған ұқсас құрылғылар қолданылатын болса, олар жол деңгейінен 1,5 см-ден аспауы тиіс (немесе жарық қайтарғыш кнопкалар (сыналар) қолданылған жағдайларда, 2,5 см-ден аспауы); оларды пайдалану жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сай болуы тиіс.

 

II тарау. Ұзына бойғы таңбалар

 

А. Таңбалардың көлемдері

2. Ұзына бойғы таңбалау кезінде тұтас және үзік сызықтардың ені 0,1 метрден (4 дюймнан) кем болмауы тиіс.

3. Қатар жүргізілген ұзына бойғы екі белгінің ара қашықтығы (қос сызық) 0,1 метрден (4 дюймнан) 0,18 метрге (7 дюймге) дейін болуы тиіс.

4. Үзік сызықтар бірдей ұзындықтағы, бірдей аралықтармен бөлінген сызықтардан тұрады. Сызықтардың және олардың араларының ұзындығын анықтаған кезде жолдың осы учаскесіндегі немесе осы аймақтағы көлік құралдарының жылдамдығы ескеріледі.

5. Елді мекендерден тыс жерде үзік сызық ұзындығы 2 метрден (6 дюйм 6 футтан) 10 метрге (32 футқа) дейін болатын кесінділерден тұрады; осы қосымшаның 23-тармағында көрсетілген жақындауды білдіретін кесінді сызықтардың ұзындығы ара қашықтық ұзындығынан 2-3 есе асуы тиіс.

6. Елді мекендерде кесінділер мен олардың аралықтарының ұзындығы елді мекендерден тыс жерлерде қолданылатын кесінділер мен олардың аралықтарының ұзындығынан кем болуы тиіс. Кесіндінің ұзындығы  1 метрге (4 дюйм 3 футқа) дейін азайтылуы мүмкін. Алайда кейбір үлкен қалалық жылдамдығы жоғары магистральдарда ұзына бойғы таңбалар елді мекендерден тыс жерлердегідей болуы мүмкін.

В. Қозғалыс жолақтарын таңбалау

7. Қозғалыс жолақтарын таңбалау үзік не болмаса тұтас не болмаса басқа тиісті құралдармен жасалады.

і) Елді мекендерден тыс

8. Екі қозғалыс жолағы бар жақты қозғалыс бар жолдарда жолдың  жүріс бөлігінің осьтік сызығы ұзына бойғы таңбамен белгіленуі тиіс. Осьтік сызық, міндетті түрде, үзік сызықтармен белгіленеді. Ерекше жағдайларда, осы мақсатта тұтас сызықтар қолданылады.

9. Көрінуі жақсы учаскедегі үш жолақты қозғалысы бар жолдарда, ереже бойынша, жолақтар үзік сызықтармен белгіленеді. Жекелеген жағдайларда қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін тұтас сызықтар немесе тұтас сызықтармен қатар жүргізілген үзік сызықтар қолданылуы мүмкін.

10. Орталық жолақтардағы қозғалыс бағыты өзгеруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, үш жолақты қозғалысы бар жолдарда қозғалыс бағыттарын бөліп тұратын сызық тұтас немесе екі тұтас сызықтардан тұрады. Сонымен қатар қозғалыс жолақтары үзік сызықтармен белгіленуі тиіс (1а және 1b диаграммалары).

іі) Елді мекендерде

11. Осы қосымшаның 8 - 10-тармақтарында баяндалған ұсынымдар елді мекендердегі кемінде қозғалыстың екі жолағы, екі жақты және бір жақты қозғалысы бар көшелеріне таратылады.

12. Қозғалыс жолақтары бордюрлердің, қауіпсіздік алаңдарының немесе бағыттаушы аралдардың болуы себебінен жолдың жүріс бөлігінің ені тарылған пунктерінде белгіленуі тиіс.

13. Жолдың ені көлік құралдарының екі немесе бірнеше қатарының қозғалысына жеткілікті болатын үлкен қиылыстар маңайында (әсіресе, реттелетін) 2 және 3-диаграммаларға сәйкес белгіленуі тиіс. Бұл жағдайларда жолақтардың ара-жігін бөлетін сызықтар нұсқарлармен толықтырылуы мүмкін (осы қосымшаның 39-тармағын қараңыз).

С. Ерекше жағдайларды белгілеу

і) Тұтас сызықтарды қолдану

14. Кейбір қиылыстарда жол қауіпсіздігін арттыру үшін осьтік үзік сызықтарды (4-диаграмма) тұтас сызықпен алмастыру немесе тұтас сызықпен (5 және 6-диаграммалар) толықтыру керек.

15. Егер қозғалыстың кері бағытына арналған жолдың көру қашықтығы кеміген (жолдың сынуы, бұрылыстарда және т.б.) жерлерде немесе жолдың жүріс бөлігі тарылған учаскелерінде немесе қандайда бір ерекшеліктердің болуына байланысты жол бөлігінің пайдаланылуына тыйым салу қажеттілігі туындаса, көру қашықтығы М көрінуі кіші қашықтығынан төмен болған жолды пайдаланушылар үшін алдын ала жазылатын шектеулер 7а-16*(1) диаграммасына сәйкес тұтас сызықпен белгіленуі тиіс. Бұл көлік құралдарының құрылысына сәйкес келетін елдерде 7а-10(b) диаграммаларында көрсетілген биіктік, көзбен қарағанда 1 метрге тең, 1,2 метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

16. М үшін қабылданатын көлем жолдың сипатына қарай өзгереді. 7а, 7b, 8а, 8b, 8с және 8d диаграммаларында көрінуі шектелген қашықтықтағы жолдар өзгеретін жерлерде, екі және үш жолақты қозғалысы бар жолдар үшін тиісті сызықтар салу көрсетілген. Бұл диаграммалар олар орналасқан беттің жоғары бөлігінде көрсетілген ұзына бойғы профильдерге және төмендегі 24-тармағына сәйкес белгіленген М қашықтығына сәйкес келеді: А (немесе D) пунктері көру қашықтығы М-дан кіші пункт, ал С (немесе В) пункті көру қашықтығы қайтадан М*(2)-нан жоғары болып табылатын пункт болады.

17. АВ және CD кесінділері бірін-бірі жабатын жағдайларда, яғни егер екі бағыттағы көріну жағдайы жол ойығына жеткенге дейін, М көріну  қашықтығынан жоғары болған жағдайда, үзік сызықтармен қатар түсірілген тұтас сызықтар 9, 10а және 10b диаграммаларында көрсетілгендей түйіспейтін тәсілмен орналастырылуы тиіс.