(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМИЯТЫНЫҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 13 НАУРЫЗД...

Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы
Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы № 62 қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 25 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 1, 10, 17, 32, 72, 73, 75 және 81 баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-ІІІ Экологиялық Кодексінің 257 және 267 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес биологиялық сан алуандықты сақтау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мекендейтін жануарлардың табиғи көші-қоны мен өсімдіктер таралуының табиғи жолдарын қорғау кемелер қатынасының өсімдіктермен жануарлар дүниесінің жай-күйіне жағымсыз әсерін азайтуы экологиялық жүйенің басқа да элементтері мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының арасындағы кеңістік байланысты қамтамасыз ету мақстаныда облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы бойынша (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының (бұдан әрі - қорғалу аймағы) су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәліздің шекаралар белгіленсін.

2. Қосымшаға сәйкес қорғау аймағында су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимінің шарттары бекітілсін (келісім бойынша).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.