Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға)
келісім беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы
рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысы
(2008.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.02. № 35 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.02. № 35 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесі бекітілсін.
2. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткен соң күшіне енеді.