(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ СТАНДАРТЫ 2007.12.1...

Осы редакция 2009 жылғы 12 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2007 жылғы 12 қазандағы

№ 288 бұйрығына 4-қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

 

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы

міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу»

(2009.11.02. берілген өзгерістерімен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгізу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-әрекеттерiнiң жиынтығын бiлдiретiн, тiркеушi органның жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi, тiркеушi органдардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруi мен осы заңнамада белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-әрекеттерi (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысының, «Жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.