Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәлелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 480 Қаулысы
(2016.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - «Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» және «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласы, бірігу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - «Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» және «Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, болып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2016.28.12. № 887 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.