(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 05.01.2009 № 23-10Қ ҚАУЛЫСЫ

Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-10қ Қаулысы

 

 Осы редакция 2009 жылғы 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:

1) аз қамтылғандар;

2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;

6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығатын (зейнеткерлік жасына екі жыл қалған) тұлғалар;

7) мүгедектер;

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10) оралмандар.

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма):

1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

2) халықтың нысаналы топтарына жататын орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;

3) халықтың нысаналы топтарына жататын, орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.

3. Жұмыс берушілер:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.