(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМИЯТЫНЫҢ 2004.14.06 № 169/5 ҚАУЛЫСЫ

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 14 маусымдағы № 169/5 қаулысы

 

Осы редакция 2005 жылғы 1 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Облыс азаматтарының жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналар:

қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида);

1-қосымшаға сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы;

Қоса беріліп отырған Комиссия Ережесі бекітілсін.

2. Облыстың жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау Комиссиялары (келісім бойынша) бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде жиыны 40 және одан артық балл жинаған, мемлекеттік оқыту гранты немесе мемлекеттік оқыту кредитін ала алмаған абитуриенттер тізімін 2004 жылғы 5 тамызға дейін облыс халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаментіне беретін болсын (бұдан әрі - Тізімдер).

3. Облыс халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаменті облыстың жоғары оқу орындарында оқыту ақысын төлеу үшін арналған әлеуметтік көмекті алуға үміткер түлектердің Тізімдерін қалалар мен аудандар әкімдеріне жіберсін.

4. Қалалар мен аудандар әкімдеріне:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.