Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережелері (200.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 Бұйрығымен Бекітілді) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611  Бұйрығымен

Бекітілді

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

 

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша
салық есептілігін (декларацияны) жасау ережелері
(200.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - зейнетақымен қамсыздандыру Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

Ереже жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептерінің нысанын жасау тәртібін (декларация) айқындайды (бұдан әрі - Декларация), жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндетті зейнетақы жарналарын сомаларын аударуға (бұдан әрі - мiндетті зейнетақы жарналары) есептеу, ұстау (қоса есептеу) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - әлеуметтiк аударым) әлеуметтiк аударымның сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) арналған.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, шағын және кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, Салық кодексінің 18, 19 тарауларына, 6 бөлім, 12 бөлімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегi жеке тұлғаларға қатысты Декларация салық агентімен жасалады.

Осы Ережелердiң мақсаттары үшiн Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғалардың шешімімен мойындалған құрылымдық бөлімдер әлеуметтік салықты өздері төлеушілер жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып мойындалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.