Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (210.00 нысаны) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 Бұйрығымен Бекітілді) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611  Бұйрығымен

Бекітілді

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық
бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(210.00 нысаны)

 

ҚР Қаржы Министрілігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № НК-06-26/4509 Хатын қара

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

Ереже жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі -міндетті зейнетақы жарналары) есептеуге, ұстап қалуға (есептеуге) және аударуға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) қоса есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны шаруа және фермер қожалықтарына және шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, Салық кодексінің 6-бөлімі 18, 19-тарауларына, 7-бөлімі 25-тарауына, 12-бөліміне сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері жасайды.

Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Ереженің мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.