Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (300.00 нысаны) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 Бұйрығымен Бекітілді) (2009.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611  Бұйрығымен

Бекітілді

 

 

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны)
жасау ережесі
(300.00 нысаны)

(2009.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8-бөліміне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы заң) 2, 12, 24, 25, 28, 32, 34, 35, 40, 48, 49-баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінің нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2.  Декларация Декларацияның өзінен (300.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01 - 300.08 нысандар) тұрады.

3.  Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4.  Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5.  Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6.  Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7.  Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8.  Осы ережелерде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9.  Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

10.  Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.