Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау ережелері (910.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 Бұйрығымен Бекітілді) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611  Бұйрығымен

Бекітілді

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

 

Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау ережелері
(910.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке (корпорациялық) табыс және әлеуметтік салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған Осы Ереженің  қосымшасына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін салық есепілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 433-бабының тиісті шарттары және оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері жасайды.

2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Осы Ережеде келесі арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі.

6. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - Декларация қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Декларация Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

7. Декларация салық төлеуші немесе оның өкілімен қол қойылады және Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өз атауы жазылған мөрі болған жағдайда салық төлеушінің немесе оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

8. Декларацияны беру кезінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.