Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебін және Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебін жасау ережелері (101.01 - 101.02 нысандар) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 Бұйрығымен Бекітілді) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611  Бұйрығымен

бекітілді

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебiн және Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебiн жасау ережелері
(101.01 - 101.02 нысандар)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге орналған, Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебiн және Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебiн (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есептерді корпорациялық салық төлеушілер Салық кодексінің 141-бабына сәйкес жасайды.

2. Есептерді декларацияны тапсырғанға дейін және декларацияны тапсырғаннан кейін толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Осы Есепке қосымшада мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

5. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі.

6. Декларацияны тапсыруға дейiнгi және кейінгі Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.