(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 27.09.02 Ж. № 146 БҰЙРЫҒЫ

Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығы

(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 5 наурыздағы  енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысы негізінде бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет:

1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментіне тіркеу үшін ұсынсын.

2) Нұсқаулықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің "Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 тамыздағы № 160 Бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің төрайымы Н.Н. Сахиповаға жүктелсін.

Министр

Г. Ким

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.