«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 526 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 526 Қаулысы

 

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 470-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5, 6 және 7-жолдармен толықтырылсын:

«

5

Астана қаласының жаңа көлік жүйесі

Астана қаласының әкімдігі

6

«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа» автомобиль жолының «Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы» учаскесін қайта жаңарту

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

7

«Зияткерлік-көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов