(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.3.11 № 1005 ҚАУЛЫСЫ

Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген
 ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 16 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі бекітілсін.

2. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:

реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.