Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 527 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 527 Қаулысы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

12 «Көлік және коммуникация» деген функционалдық топта:

215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген әкімші бойынша:

006 «Әуе көлігі инфрақұрылымын салу және реконструкциялау» деген бағдарламада:

005 «Ішкі көздер есебінен» деген кіші бағдарламада:

«Көкшетау аэропортының жасанды ұшып-қону алаңы мен аэровокзалын қайта құру» деген жолдың 3-бағанындағы «2160000» деген сандар «160000» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» әуежайының

ұшу-қону жолағын реконструкциялау және аэродромдық

және сервистік арнайы техникамен қайта жарақтандыру   2000000».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.