(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 7 ШІЛДЕДЕГІ № 666 ҚАУЛЫСЫ

Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтимал қызметті жүзеге
асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 666 қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 16 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 7 шiлдедегi

№ 666 қаулысымен

бекітілген

Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер

төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру

ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының 18-бабына сәйкес әзiрлендi әрi заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерiнің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруына рұқсат беру тәртібін анықтайды.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:

1) уәкiлеттi орган - өз құзыреті шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, азаматтық және экспериментальдық авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;

2) рұқсат - осы Ережеде белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн, заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжат.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.