(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДАҒЫ № 1157 ҚАУЛЫСЫ

Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 20 сәурдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 35, 485-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 869 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 375-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 30 қарашадағы

№1157 қаулысымен

Бекітілген

 

Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін

оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже)»«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.