Құрылыс саласын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 52-ө Өкімі
Құрылыс саласын дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
| Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
| Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, жетекшінің орынбасары |
| Нокин Серік Кеңесұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, хатшы |
| Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
| Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
| Смайылов Әлихан Асханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Долженков Виктор Анатольевич | - Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
| Хорошун Сергей Михайлович | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
| Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық саясат, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық саласы департаментінің директоры |
| Байбеков Мырзақасым Ниязбекұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры |
| Әйтекенов Қайрат Медібайұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры басқарма мүшесі (келісім бойынша) |
| Рақымбаев Айдын Жұмәділұлы | - «Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы екі ай мерзімде құрылыс саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |