Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 20 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бюджет процесін жетілдіру және нәтижеге бағдарланған бюджетті кезең-кезеңімен енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық атқарушы органдар және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 15 қаңтарға дейін жылына 2 рет Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша 25 шілдеге және 30 қаңтарға дейін жылына 2 рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 273 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 8-жолдың 2-бағаны «(1-кезең)» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15 және 16-жолдар алынып тасталсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 6 маусымдағы
№ 544 қаулысымен
Бекітілген
Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу
жөніндегі іс-шаралар жоспары