«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 157 қаулысы

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 157 қаулысы

 

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына , «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:

1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаға) қажетті мөлшерде медициналық мамандар мен техникалық жұмыскерлерді бөлсін;

2) алыс жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту және оларды әскери қызметті өткеру үшін жіберілуіне жеткізілуін қамтамасыз етсін;

3) әскери қызметті өткеру үшін жіберілген шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын;

4) шақыру пункттерін жабдықтап, оларды дәрі-дәрмектермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.