(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 18.12.2008 № 163/28-IV...

Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджет туралы
Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 163/28-IV шешімі

 

Осы редакция 2009 жылғы 8 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға  сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 209 111 054 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 62 361 196 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 751 375 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 12 200 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 133 798 483 мың теңге;

2) шығындар - 198 522 793 мың теңге;

3) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 13 279 961 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу - 13 279 961 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 2 691 700) мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 2 691 700 мың теңге;

6) қарыздар түсімі бойынша - 7 800 000 мың теңге.

2. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне  төмендегілер есепке алынатындығын назарға алу:

бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кіріс сыныптамасының «Пайдалы  қазбаларды алуға арналған салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған өзара шарт бойынша салық тәртібі тұрақтылығының кепілдіктерін сақтайтын роялти;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.