2009 жылғы арналған облыстық бюджет туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 13/2 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 22 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 75, 240 бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мына көлемдерде 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымша бойынша бекітілсін:
1) кірістер - 57 926 707 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 6 247 607 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 214 083 мың теңге;
трансферттердің түсуі - 51 465 017 мың теңге;
2) шығындар - 57 173 684 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 576 023 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 949 023 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 373 000 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 93 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 98 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсім - 5 000 мың теңге;
5) бюджет профициті - 84 000 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -84 000 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін:
жеке табыс салығы;
жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
орманды пайдаланған үшін төлем;
қоршаған ортаны эмиссия үшін төлем.
Облыстық бюджетке жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативі белгіленсін - 100 пайыз, Петропавл қаласы және аудандар бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100 пайыз.
3. Облыстық бюджеттің кірісі мынандай салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін:
облыс әкімдігінің меншігі болып табылатын коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен кірістер;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халық банкінің (шығыс сметасы) бюджетінен ұсталатын және қаржыладырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұл, өсім, санкциялар, алымдар.