(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2008.18.1...

2009 жылғы арналған облыстық бюджет туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 13/2 шешімі

 

Осы редакция 2009 жылғы 22 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 75, 240 бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мына көлемдерде 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымша бойынша бекітілсін:

1) кірістер - 57 926 707 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер - 6 247 607 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 214 083 мың теңге;

трансферттердің түсуі - 51 465 017 мың теңге;

2) шығындар - 57 173 684 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 576 023 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 949 023 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 373 000 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 93 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерді сатып  алу - 98 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсім - 5 000 мың теңге;

5) бюджет профициті - 84 000 мың теңге;

6) бюджет профицитін пайдалану - -84 000 мың теңге.

2. 2009 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін:

жеке табыс салығы;

жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;

орманды пайдаланған үшін төлем;

қоршаған ортаны эмиссия үшін төлем.

Облыстық бюджетке жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативі белгіленсін - 100 пайыз, Петропавл қаласы және аудандар бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100 пайыз.

3. Облыстық бюджеттің кірісі мынандай салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін:

облыс әкімдігінің меншігі болып табылатын коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен кірістер;

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халық банкінің (шығыс сметасы) бюджетінен ұсталатын және қаржыладырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұл, өсім, санкциялар, алымдар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.