Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. МАГНЕРОТ®. MAGNEROT® (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 233 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

 министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті

 Төрағасының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 233 бұйрығымен

бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
 
МАГНЕРОТ®
MAGNEROT®

 

Саудалық атауы

Магнерот® (Magnerot®)

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Магний оротаты

 

Дәрілік түрі

500 мг  таблеткалар

 

Құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді зат - 500 мг қос гидратты магний оротаты (32,8 мг магний) бар,

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қос тотығы, натрий кармелозасы, микрокристаллды целлюлоза, жүгері крахмалы, К30 повидон, лактоза моногидраты, натрий цикломаты, тальк, магний стеараты.

 

Сипаттамасы

Бір жақ бетінде ойығы мен сызығы бар ақ түсті таблеткалар.

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқадай минеральды қоспалар. Магний оротаты.

АТЖ коды А12СС09

 

Фармакологиялық қасиеттері

Магнерот - магний препараты. Магний көптеген энергетикалық үдерістерді қамту, ақуыздардың, майлардың, көмірсудың және  нуклеин қышқылының алмасуына қатысу үшін қажет. Магний жүйке-бұлшықет импульсінің берілуін төмендетіп, жүйке-бұлшықеттің қоздыру үдерісіне қатысады. Магнийдің ерекшелігі кальцийдің табиғи физиологиялық антагонистігінде. Магний миокард жасушаларының қалыпты қызмет етуін бақылайды; миокардтың жиырылу қызметін реттеуге қатысады. Стресстік жағдайларда бос иондалған мигнийдің жоғары мөлшері бөлініп шығады, магнийдің қосымша мөлшерінің түсуі стресске деген  төзімділіктің жоғарылауына ықпал етеді.

Магнероттың® құрамына орот қышқылы бар, ол жасушаның өсуіне ықпал етеді, зат алмасу үдерісіне қатысады. Одан басқа орот қышқылы жасушадағы АӨФ-ға магнийді бекіту және оның әсеріне көрініс беру   үшін қажет.

 

Қолданылуы

Мыналар кешенді емдеуде алдын алу үшін

- миокард инфарктінде

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде

- магний тапшылығынан туындаған жүрек аритмиясында

- түйілу жағдайында (оның ішінде ангиотүйілуде)

- атеросклерозда

- дислипидемияда

 

Қолдану тәсілдері мен дозалары

Таблеткаларды сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішу керек.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.