«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 40 қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 12 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-ІІ және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулыларына, сондай-ақ «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялардың Ережесін келісу туралы» облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 21/233-III шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялар туралы ереже (1 қосымша) және учаскелік комиссиялардың атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындысының нысаны (2 қосымша) бекітілсін.
2. Барлық деңгейдегі әкімдер:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде учаскелік комиссиялар құрсын және олардың қызметіне басшылықты қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың бланкілерін тегін беруді және куәландыруды қамтамасыз етсін;