«Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 196 шешімі

«Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 196 шешімі

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысын қарап, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың «Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-114, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 102 «Қостанай» газеті, бұрын «Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 152 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-115, 2009 жылғы 3 ақпандағы № 10 «Қостанай» газеті) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Кіріспеде «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;

Аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:

1) Кірістер 15463702 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер 9724095 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 55480 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 758000 мың теңге;

трансферттер түсімдері 4926127 мың теңге;

2) шығыстар 15512369,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелеу -11875 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -11875 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 60668 мың теңге, оның ішінде;

қаржы активтерін сатып алу 60668 мың теңге;

5) тапшылық - 97460,2 мың теңге;

6) тапшылықты қаржыландыру 97460,2 мың теңге».

Аталған шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.