(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛ. РЕТТЕУ АГЕНТ. ТӨРАҒ. 2006.0...

Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын,
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және
технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының
2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ Бұйрығы

 

Осы редакция 2009 жылғы 18 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:

1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға

Б. Сағынтаев

 

КЕЛІСІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушы

2006 жылғы 18 тамыз

КЕЛІСІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі

2006 жылғы 18 тамыз

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.