Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 15-92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 мамырдағы № 19-126 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 15-92 шешіміне (2009 жылғы 5 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 5 «Жетісу» газетінде жарияланған, Алматы облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 11 ақпандағы «Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 15-92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 17-107, 2009 жылғы 2 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2028 нөмірімен тіркелген және 2009 жылғы 21 сәуірдегі «Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 15-92 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 18-116, 2009 жылғы 22 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2029 нөмірімен тіркелген шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта төмендегі жолдар бойынша:
«Кірістер» «132671286» саны «132661968» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«трансферттердің түсімдері бойынша» «116738402» саны «116729084» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«аудандық (қалалық) бюджеттерден нысаналы трансферттерді қайтару» «21579» саны «12261» санына ауыстырылсын;
2) «Шығындар» «127066567» саны «127057249» санына ауыстырылсын;
«1720000» саны «318658» санына ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.