«Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 08-1-1-1/115 Бұйрығы (күші жойылды)

Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 08-1-1-1/115 Бұйрығы

 

ҚР Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығымен күші жойылды  

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 522-бабындағы 2-тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлері 1-49 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2. Күші жойылды деп:

1) «Консулдық алымдардың ең төменгі және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/428 бұйрығы (2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 5067 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы ақпан айындағы № 2 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінің» 303-бабында жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы «Консулдық алымдардың ең төменгі және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/428 бұйрығына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 08-1-1-1/214 бұйрығы (2008 жылғы 15 тамыздағы № 5283 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы қыркүйек айындағы № 9 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінің» 329-бабында жарияланған) танылсын.

3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялауынан кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.