Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары;
2) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 10, 89-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 және 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 515 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 211-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.