Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Есепшоттары толық көрсетілген бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 34 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 81 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты, екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: