Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Акцияларының бақылау пакеті мемлекеттің немесе ұлттық холдингтің не ұлттық басқарушы компанияның иелігіндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 29 сәуірдегі № 92 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 Қаулысымен күші жойылды
Акцияларының бақылау пакеті мемлекеттің немесе ұлттық холдингтің не ұлттық басқарушы компанияның иелігіндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, ипотекалық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: