Акцияларының бақылау пакеті мемлекеттің немесе ұлттық холдингтің не ұлттық басқарушы компанияның иелігіндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, ипотекалық
ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу
әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы
есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 Қаулысы
(2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен атауы өзгертілді (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеті мемлекеттің немесе ұлттық холдингтің не ұлттық басқарушы компанияның иелігіндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.